Грамматикалық мағыналардың әлем тілдерінде берілу жолдарын м

Әлем тілдерінде аффиксацияның екі үрдісі байқалады: агглютинация және фузия. Олар лексемалардың сипаты мен синтаксистік байланыстың түрін анықтайды. Орыс тілінде: пил +а (им.п, ед.ч); пил+'Э (дат.п, ед.ч); пил+ы (им.п, мн.ч); пил+ам (дат.п; мн.ч). Орыс тіліндегі грамматикалық мағынаны білдірудегі айырмашылық мынада: түбір фонемалардың құрамында аздаған өзгеріс болады (л – біресе қатаң, мыс.,пилам, біресе жұмсақ, мыс., пиле); қосымшалар бірмәнді емес, бір уақытта бірнеше грамматикалық мағынаны білдіруі мүмкін: -ам - барыс септігі және көптікті білдіреді; орыс тілінде аффикстер стандартты емес, яғни бір грамматикалық мағынаны білдіруде сол бір қосымша барлық сөздерде бірдей қолданыла алмайды, мыс., барыс сеп.жалғауының формасы жекеше түрде -у, -е түрінде болса, көпше түрінде –ам; орыс тілінде қосымшалар түбірге жалғанады, түбір қосымшаларсыз қолданыла алмайды: эемл+я, ал қазақ тілінде түбір қосымшасыз қолданыла алады; орыс тілінде қосымшалардың түбірмен қосылуы тығыз сіңіскен сипатқа ие (түбірдің соңғы фонемасы мен қосымшаның басқы фонемасының кірігуі: дет+ ск + ий); қосымша жалғанғанда түбір өзгеріске түседі, сондықтан түбірдің бір түрі бір қосымшалармен, ал басқа түрі басқалармен қосылады, мыс., про езд и ть; про езж а ть.Аффикстердің түбірге тығыз жалғануы кезінде өзгеруі фузия деп аталады. Фузия лат.тілінде “ерітілу” дегенді білдіреді. Бұл терминді Э.Сепир ұсынған. Бірмәнді бірқалыптағы аффикстердің өзгермейтін түбірге механикалық жалғануы агглютинация деп аталады. Агллютинация құбылысы орыс тілінде префиксацияға тән. Фузия кезінде ішкі, сыртқы аффикстер түбірмен терең жымдасады да, негіз түзіледі, оны В.А.Богородцкий опрощение деп атайды. Түбір құрамындағы дыбыстардың өзгеруі арқылы грамматикалық мағыналардың білдірілу тәсілі ішкі флексия деп аталады. Супплетивизм. Түбірдің немесе негіздің әртүрлілігіне (фонема құрамының) қарамастан, лексикалық мағынасы толық сақталады да, осындай әртүрлі түбірлі сөздер бір грамматикалық қатарға жатады. Түбірдің я негіздің әртүрлі құрылуы грамматикалық мағыналарды өзара ажырату тәсілі болып табылады. Мысалы, хорошо – жай шырай, лучше – салыстырмалы шырай; человек – жекеше, люди – көпше.