Тіл элементтерінің парадигматикалық, синтагматикалық
Ф. де Соссюрдің теориясына сәйкес, тілдік жүйе қатынастың екі типі арқылы құрылады: парадигматикалық және синтагматикалық. Синтагматикалық қатынастар байланысты мәтін негізінде табылатындықтан тілде, яғни сөйлеуде тікелей бақыланады және тіл таңбалары арасындағы қатынастар ретінде анықталады. Синтагматика нақты сөйлеу ағынында немесе мәтіндегі тілдік бірліктердің бір бірімен тікелей тіркесуін қарастырады. Парадигматика – парадигмалар жүйесі. Парадигматикалық қатынастар тіл жүйесі негізінде табылады және сөйлеуде тікелей бақыланбайды. Яғни екі түрлі қатынас туралы сөз болып отыр: 1) тілді сипаттайды, ал екіншісі сөйлеуді сипаттайды.
Парадигматикалық қатынастарға сызықтық (не линейный) сипат тән емес және сөйлеу ағынында бір уақытта көрінбейді. Санада қандай-да бір ассоциация арқылы біріктірілген тіл элементтері арасындағы қатынастарды танытады. Олар бұл элементтерді я формалық, я мазмұндық, я осы екі белгілерінің де ортақтығы тұрғысынан б/ыстырады. Парад. қ-р тілде семантикалық немесе формалды ортақтығы принципі б/ша ажыратылған кез келген топтар мен кластардың құрылымын сипаттайды. Синтагматикалық тізбекте парадигма мүшелерінің бірінің болуы басқасының болуын жоққа шығарады, бірақ орнын ауыстыру мүмкіндігін тудырады. Лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және сөзжасамдық парадигма түрлері ажыратылған. Кең мағынасында парадигма деп бір-біріне қарама-қарсы қойылған, сондай-ақ сол уақытта ортақ белгілері б/ша біріктірілген немесе бірыңғай ассоциация туғызатын лингвистикалық бірліктердің кез келген класы түсініледі, яғни парадигматикалық қатынастар арқылы байланысқан тілдік бірліктер жиынтығы. Тар мағынасында – бір сөздің барлық формаларының жүйесі