Тілдің табиғаты туралы теориялық көзқарастарға талдау жасаңы
Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына (қоғамдық, табиға, психофизикалық) қосылатыны қайсысына қосылса да оынң себебі, дәлелі не болмақ деген нірселер жатады. Оларды шешуге ір түрлі көзқарастар болды. Лингвистика тарихында натуралистік мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар тілді биологиялық құбылыс - демалу, қоректену, жүріп-тұру сияқты адам организміне тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп санады. Неміс ғалымы Ф.Бопп: Тіл – биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан, - деп есептеді. Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады. Ол: «Тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі», - дейді. Бұлай болған күнде тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыру керек деді. Әрине, бұл пікір дұрыс емес. Тіл – атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе. Олай болатын себебі – жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де мүмкін, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата-анасының тілінен басқаа орта болса, ол сол ортаның тілінде сөйлеп кетеді. Лған өмірде мысалдар толып жатыр. Бұл тілдің биологиялық құбылыс емес екеніндігін дәлелдейді.
Екінші бір топ ғалымдар (Г.Штейналь, А.Потебня) тілді психологиялық құбылыс деп есептейді. Бұл пікір «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады», «халық тілі деген жоқ, халық тілі деп жүргендеріміз – жеке адамдарының тілдерінің қосындысы», - деген қате түсініктен туған. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке-жеке өз тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың, ұлттың тңлң болмас еді. Өмірде олай болмайтынын көпшілік жақсы біледі. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалынады, қауымда ғана дамиды.
Тілдің шы,уы туралы Ежелгі Грецияда туған, 17-18 ғасыр ойшылдары тарапынан қолдау тапқан келсім теориясының өзі де, белгілі шамада тілдің әлеуметтік сипатын мойындағандық. «Тіл – қоғамдық құбылыс» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы ролі, орны деген мәселелермен 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті лингвистердің көпшілігі-ақ айналысты. Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берді. Бұл мәселеге Н.Я.Марр мектебі де ерекше мін берді. Соған қарамастан тіл мен қоғам арасындағы қатынас күні бүгінге дейін тіл біліміндегі күрделі проблема болып келеді. Дегенмен бұл салада қол жеткен табыс, ьалас туғызбайтын тұжырымдар жоқ емес.
Ендеше – адамзат тілі биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісуі үшін керек, сол үшін жаралған, сол үшін жасалған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір-бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде, қашан туған болса, тіл де сол жерде, сол заманда пайда болған. Қоғамсыз –тіл, тілсіз – қоғам болмайды.