Тілдің мән-мағынасы, өмір сүру формаларын сараптаңыз
Тілдің мән-мағынасы, қасиеті, өзіндік сипаты – оның коммуникативтік (қарым-қатынас құралы) қызметінде. Тілдің ойлаумен, қоғаммен, қоғам өмірімен қарым-қатынасын да, өзіндік даму заңдылығында оның осы қызметінен іздеу керек. Тілдің тіршілігі де қатынас құралы қызметімен байланысты. Егер тіл адамдар арасында қатынас құралы қөызметін атқарып тқрса, ол тірі тіл деп аталады. Ал ондай қызмет атқарудан қалса, өлі тіл деп аталынады. Тілдің өзіндік сиатына, құрылымына қарай беріліп жүрген анықтамалардың ішінде жиі қайталанып жүргені – тілді «таңбалар жүйесі», «семиотикалық жүйе» деп санайтвн көзқарас. Шындығында да тіл атқаратын қызметі жағынан алғанда – қатынас құралы, «ойды қалыптастырушы» болып табылады да, ал өзіндік сипаты, құрылымдық белгісі жағынан алғанда ол – «таңбалар жүйесі». Осы айтылған екі түрлі қасиетін, яғни қызметі мен құрылымдық белгісін қоса алғанда: тіл дегеніміз – қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүйесі. «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы» (В.И.Ленин), ал экспрессивтік қызметі жағынан «Тәл – ойдың тәкелей шындығы, ойды қалыптастыратын жарыққа шығарушы құрал» (К.Маркс). тіл – талай заманның жемісі. Ол бірнеше қоғамға қызмет ете береді. Мысалы, қазақ тілі феодалдық қоғамға, социалиятік қоғамға да қызмет етті. Енді, міне, нарықтық қатынас қоғамына да қызме етіп отыр. Тілдің қарым-қатынас құралы болу қызметі оның коммуникативтік функциясы, ой мен дүниетанымды қалыптастыруы, конструктивтік функциясы, рухани мәдениетті жасау қызметі, эстетикалық функциясы, ұжымдық тәжірибе, ғылым-білімнің табыстарын жинақтауы каммулятивтік функциясы деп аталады.Қарым-қатынас майданына түскен сайын тілдің икемділігі артып, қызметі шыңдала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл бөліп, мемлекет шынайы қамқорлыққа алғанда ғана ерекше жанадана түседі. Тіл саясаты тілдің қоғамдық қызметінің дамуына оң әсер етуге тиіс. Ал, кері әсер етсе, ондай саясат керітартпа саясат болып шығады. Тілдің өмір сүру формалары – өмір сүруге, дамуға қабілеттілігі, тілдің тұрақтылығы, «тірі қалуға» ұмтылысының жоғарлығын сипаттайды. Тілдің өмір сүру формасы тілдің өміршеңдігі ретінде де қарастырады. Тілдің өмір сүру формалары: әдеби тіл және бейәдеби формалар: ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, әлеуметтік диалектілер, тілдің басқа да өмір сүру формаларын қарастырады. Тіл қоғамда өз ортасында өмір сүреді. Тілсіз қоғам, қоғамсыз тіл дамымайды. Тілдің өмір сүру ортасы жеке адам арқылы ғана өмір сүрмейді, қоғаммен қатарласа өмір сүреді. Жоғарыда айтып кеткендей, тіл адамдар арасында ауызекі сөйлеуде өмір сүреді, яғни белсенді түрде қатынас құралына айналғанда; диалектілер арқылы – яғни қоғамда жеке бір ауыл-аймаққа ғана тән, сол тұрығандар арасында ұғынықты үнемі қолданыста жүргенде тіл өз өміршеңдігін жоғалтпайды. Қоғамдық диалектілерге де тін. Әдеби тілдің өзінің өмір сүру формасы екіге бөле қарастырылады. жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады