Ф.де Соссюрдің лингвистикалық тұжырымдарын сараптаңыз.
Ф.де Соссюр –Швейцария лингвисі, ірі еңбегі: “Жалпы тіл білімінің курсы”. Де Соссюр алғашында салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін ол бағытынан қол үзген. Көтерген мәселелері көп: 1.Лингвистиканың объектісі. Де Соссюр даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объект бола алады дегенді айтады. Ол тілді зерттегенде оның элементтері арасында болатын қайшылықтар да, ұқсастықтар да естен шықпау керек, бұл екі құбылыстың тілдік механизмді анықтауда мәні ерекше. Зерттеуде бүтіннен бөлшекке қарай жүргізілетін дедуктивтік әдісті қолдануды ұсынады. 2.Тіл –қоғамдық құбылыс, ол коммуникативтік те, экспрес.те қызмет атқарады, алайда маңыздысы – алғашқы қызметі;Тілдің әлеуметтік сыры да осында деп санайды. 3. тіл – таңбалар жүйесі;Де Соссюр тілдік элементтердің материалдық және идеялық жағы болады,бұлардың біріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таңба деп аталады дейді. 4. тіл және сөйлеу (сөйлеу – тілді қолданудың нәтижесі, сөйлеу индивидуалдық сипатқа ие,тіл – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, тіл әлеуметтік сипатқа ие; 5. ішкі лингвистика және сыртқы лингвистика, бұл мәселелер өзара байланысты, бірақ Соссюр айтқандай, тіл білімінің міндеті – тілдің ішкі жүйесін, құрылымын зерттеу ғана емес, оларды сыртқы факторлармен баланыста қарастырру керек; Де Соссюр сыртқы лингвистика тілді қоғаммен, мәдениет тарихымен, саясатпен, әдебиетпен, географиялық мекенжаймен, т.б. байланыста қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды. С.л.тіл жүйесінің ішкі механизмін түсіндіре алмайды. Ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, яғни тілдің өзіне ғана тән ішкі мәселелерін,заңдылықтарын зерттейді. 5. тіл – жүйелі құбылыс, тіл – құрылым, тіл бірліктері өзара синтагматикалық және парадигматикалық қатынаста табылады; тіл-барлық элементтері бірігіп бүтін болып тұратын жүйе. Тілдік таңбалар-сол жүйенің құранды элементтері.Жүйе элементтері өзара байланысты, шартты қатынаста болады. Ол қатынас арқылы олардың мағыналары түрленеді, мәні, құны айқындалады дейді. 6) тіл білімін синхрондық лингвистика және диахрондық лингвистика деп бөлді.Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Т.жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің қолынан келеді. Сондықтан ол маңыздырақ.Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір-біріне қарама-қарсы қояды.