Тілдің қызметтері: коммуникативтік, когнитивтік және прагмат

Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды.Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Басқа зерттеушілер тек негізділерін бөліп, қалғандарын солардың түрі ретінде есептеп, функциялардың санын азайтуды жөн көрді. Мәселен, белгілі психолог және лингвист Карл Бюлер (1879-1963) кез келген сөйлеу актісінде байқалатын тілдің үш функциясын бөліп қарайды: айтушыға қатысты айту (экспрессивті) функциясы, тыңдаушыға қатысты үндеу функциясы, әңгіме тақырыбына қатысты хабарлау (репрезентативтік) функциясы хабарды жіберуші өзін танытады, алушыға арнайы және коммуникация тақырыбына жеткізеді.Тіл бірінші кезекте танымдық (когнитивтік) немесе ақпараттық функцияны – идеялардың, ұғымдардың, ойлардың айтылуы мен олардың басқа коммуниканттарға хабарлау қызметін атқарады деп есептелді (тұрмыстық сана бұл пікірді өте жеңіл қабылдайды). Сөйтіп, лингвистердің көпшілігінің пікірінше, коммуникативтік, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы.
Когнитивтік ғылым – адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінің, пайымдау нәтижесінде белгілі 6ip жүйеге келтіріліп, біздің санамызда белгілі бip жүйеге түcipіліп жазылып ділдік, яғни танымдық үдерістердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Көбінесе танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әр түрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бip өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасы қолданылады. Тіл білімі ғылымынындағы семиотиканың бір саласы болып табылатын прагматика таңба және интерпретатор арасындағы қатынасты қарастырады, яғни сөйлеуші-субьект, адресат және олардың сөйлеу актісі процесіндегі тілдік әрекетіне байланысты мәселелерді зерттейді, бұл орайда «прагматиканы тілдік бірліктерді адамға ықпал етуші таңба ретінде қарастыратын тіл білімінің саласы деп тануға болады. Прагматика тілдік таңбаның қарым-қатынастық жағдайындағы қолданысын қарастырады. Тіл, сөйлеу – субьектінің жеке әлеум-к мақсаттарына жетудегі құралы. Яғни праг-ка әрекет үстіндегі, адамдар арасындағы қолданыстағы тілдік заңдылықтарды зертт. Қазақ халқы сөз арқылы ықпал етуге, мақсатына жетуге, сөйлеу өнеріне ерекше көңіл бөлген. Ал праг-қ бағыт тіл-ң коммун-к қызметін, сөздің қолданыс үстінде жаңа мәнге ие болуының табиғатын түсінумен б/ты қалыптасты. Тіл бірліктері хабарды жеткізуші құралдар қызметін атқарып қана қоймай, тыңдаушыны әрекетке итеруші құралдар ретінде де жұмсалады: Мына баланы көрдің бе? (сәлемдесуге, балаға мән беруге, онымен сөйлесуге итеру).Кісі келгенін көрмедіңдер ме? (әрекетке итеру).Көп сөзді қайтесің, тездет!
Перлокутивтік акт. Есікті жап, жабыңыз, жабыңызшы, жаба алмайсыз ба, жауып жібермейсіз бе? – сөйлесімдер бір мазмұнға ие – обьект ж/е прадикат арасындағы б/ысқа негізделеді. Ал құрылымы, ықпал ету күшінің сипаты жағынан ерекшеленеді: бұйыру, өтініш, тілек мақсаттары.
Ықпал етуші қызметін атқарушы элементтерді тілдік (вербалды) ж/е тілдік емес (бейвербалды) деп бөлеміз. Ықпал етуші қызметін атқарушы элементтер сөйлеушінің мақсатын дұрыс жеткізуге және оны дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Тілдік материалды қолдануда міндетті, барлығы да білетін қалыптасқан заң-ереже, әдет-дағдылар болуы қажет. Оны узус д.а. Узус стихиялы жолмен ауызекі тілде қалыптасады.
Сөйлеу актілерін жіктеуде перформатив етістіктер - әр сөйлеу актісінің түрін атайтын етістіктер негізге алынады: өтіну, кешірім сұрау, кеңес беру, уәде беру т.б. Олар сөйлеу актісінде кейде ашық қолданылғанымен, көп жағдайда сөйлесімнің түпкі семантикасында жасырын тұрады: Сусын алып беріңізші! - Өтінемін, сусын алып беріңізші!Енді қайталамаймын. – Енді қайталамауға уәде беремін!Адам тілдік таңбаларды өзара түсінісу үшін ғана емес, қарсы жақ тыңдаушының қызығушылығын оятып, оның реакциясын туғызу үшін де қолданады, яғни осы жерде тілдің прагматикалыө қызметі орын алады. Ол дегеніміз хабарды жай жеткізу ғана емес, белгілі бір түрде тыңдаушыны қабылдауға итеретін құралдарды пайдалана отырып, жеткізу көзделді. Адамның тілді өз ыңғайына қарай пайдалануы тіл құрылысында соған жауап беретін бейімділіктің бар екенін байқатады. Тілдің қарым-қатынас жасау құралы ретінде ықпал етуші қызметті жүзеге асыруы оның ішкі мүмкіндігіне негізделеді.