Контрастивтік лингвистика ғылымы пән ретінде сипаттаңыз.

Контрастивтік лингвистика (салғастырмалы тіл білімі)— жалпы тіл білімі саласында 1950 ж. бері қарқынды дамыған бағыт. Контрастивтік лингвистиканың мақсаты екі, кейде бірнеше тілді жалғастыра зерттеп, олардын кұрылымдық денгейіндегі жақындығы мен айырмашылығын айкындау. Контрастивтік лингвистиканың ертеректегі мәліметтері ана тілімен салыстыра отырып, бөтен (шет) тілдің ерекшеліктерін байқаумен байланысты болды. Олар шет тілдерде жарияланған грамматикаларда (Батыс Еуропада Қайта өркендеу дәуірінен бастап) көрініс тапты. Контрастивтік лингвистика әдетте тілдің синхрондық материалдарына сүйенеді. Тілдің әр түрлі деңгейіне қатысты еңбектердің сан жағынан көбі контрастивтік грамматикаға, аз мөлшерде контрастивтік фонологияға, одан аз мөлшерде Контрастивтік лексика жүйесіне байланысты.
Контрастивтік лингвистиканың құрлым көлемді салыстырмалы-салғастырмалы саладан бөлініп шығуына контрастивтік зерттеулерге арналған арнайы (алғаш рет 1968 ж. АКШ-та) себеп болды. Контрастивтік лингвистиканың алуы 1957 ж. Р. Ладонның бегімен байланыстырылады. Бірақ 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы орыс тілі мамандарының (Ф. Е. Корш, Е. Д. Поливанов, В. А. Богородицкий, И. А. Бодуэн де Куртенэ, Л. В. Щерба) енбектерінде Контрастивтік лингвистика жөнінде бай материал сақталған. КСРО-да әр түрлі тілдердін мол болуы Контрастивтік лингвистика мәселелерін зерттеуге себепші болды. Кенестік Контрастивтік лингвистикада ең алдымен мазмұнмен байланысты формаларды талдауға және тіл жүйесіндегі жеке құбылыстардың функиионалдық мәнін аныктауға назар аударылды. Дегенмен, Контрастивтік лингвистиканын жалпы лингвистикада алатын орны әлі де анықтауды кажет етеді.