Қолданбалы лингвистиканы ғылыми пән ретінде сипаттаңыз.
Қолд.лин.теориялық лингвистика ғылымының бір бөлшегі болып саналады.Қазіргі практикалық міндеттерді зерттеу негізінде машиналық аударма, ақпаратты автоматты түрде іздеу және т.б. жалпы тіл білімінің тармағы.Тілдің қолданбалы аясы бұрыннан да өзінің кең және жан жақтылығымен ерекшеленетін. Оның ескіден келе жатқан саласы:жазу, ана тілі мен шет тілін оқыту әдістемесі және тілдің лексикологиялық жүйесі.Олардан кейін барып аударма, шрифтану, орфография, транслитерация және терминологияны өңдеу тәсілдері қосыла бастады.Тілді зерттеудегі қолда.лин. саласы қолданбалы тіл білімі атқаратын қызметтердің бір тармағы ғана деуге болады,себебі, «қолданбалы тіл білімі» ұғымы көптармақты бола келе,күнделікті өмірде дәстүрлі және жаңаша мағынада кездесіп жүр.М/ы: бұл ұғым дәстүрлі түсінік бойынша тіл қызметі мәселе. Практика қ әдістерін жасауды, яғни жазу мәселесін дамытуды, ауызекі сөйлеудің транскрипциялықжүйесін құруды,шетел сөздерінің транск.жасауды, стенорграфилық тәсілдерін дамытуды,арнайы лингвистикалық сөздіктер шығаруды, тарихи ескерткіштерді таңба жазуларды айқындауды, ғылыми техникалық терминдердің қалыптастыру т.б. іс шараларды қамтиды. Өткен ғасырдың 50 жыл. бастап «қол.лин.» термині жаңа мағынағы мағынаға ие болды. Ол күнделікті өмірімізге компьютерлік техно-ң ж/е автоматтық басқару жүйесінің араласуы арқылы мәтінді автоматты түрде өңдеуге қатысты көптеген қолданбалы бағыттағы тілдік бірліктерді талдау мен жинақтау негізінде тілдің танылуы мен талдану заңдылықтарын белгілеу қажеттілігінен туындайды. Орыс тілінде жарық көрген әдебиеттерде «қолд.лин.», «есептік лин.», «инженерлік лин.», «автоматты лин.», «матем.лин.», «статистистикалық лин.»терминдері бірінің орнына бірі қолданыла бастады. Бұл аталған терминдерді ортақтастыру дұрыс шешім болмайды,себебі олардың қолданбалы тіл саласындағы мақсаты мен міндетінде же әдіс тәсілдерінде өзіндік ерекшеліктері бар.Тіл қызметінің пәнаралық қасиеті тілдік теорияға тек қана он ісерін тигізумен қатар,қазіргі тіл білімінде тұжырымдамалық бағытын жаңартуға мүмкіндік туғызды. Қ.л. саласы-ң кең мағыналылығын тілдің құрылымы мен қызметіне қатысты ғылыми мағұлматтарды тілге қатыссыз пәндер саласында,адам баласының практикалық мұқтаждығынан ж/е мұндай қызметтердің теория-қ негіздемесі ретінде қолданылуынан туындайды. Қолдан.лин. дамып,яғни ғылыми жетістіктерге ие болуы тіл білімі теориясының дамуы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы:20ғасыр.20-30жыл. практик. қажеттіліктен туындаған ғылыми техникалық терминологияны бірізді және тұрақты ету жолдары жаңа лин.пән «терминтануды»саласын өмірге әкелді. Сол сияқты,Кеңес Одағы халықтары тілінің әліпбиі мен жазуын құруға байланысты 30-40ж.жүргізілген кеі көлемді,әрі зор тәжірбиелік мәні бар жұмыстар тілдерді синхронды сипаттаудың әдістерін жетілдіруге себепші болды.Соңғы жылда пайда болған қолданбалы лин. жаңа аспектілерінің бәрі бі ғана ортақ проблемаға тәуелді екенін байқатты,ол тілдің жазба немесе сөйлеу түрлерін автоматты түрде өңдеу міселесі.Мұндай проблемамен айналысу тілді талдау мен сипаттаудың жаңа әдіс тәсілдерінің дамуына және тіл табиғаты мен тіл білімі құрылымына жаңаша көзқарас пайда болды. Қолд.лин. жаңа аспектілері теориялық тіл біліміне жаңа ғана ене бастаған матем.әдістерді, теориялық жиындық,формальды логикалық,статистика ықтималдық әдістердің қолданыл. Барынша жеделдетті.ғасыр.50-70жыл. Тілдік материалдарды автоматты түрде өңдеуге қатысты күрделі проблеманың шешім табуы қолд.лин.әрі қарай дамуына әсер етті.Құрылымдық синтаксисте мынадай формальды екі синтаксистік модельдер жүйелі түрде зерттеле бастады.Қазақ тіл біліміне байланысты Кеңес одағы кезінде-ақ Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында 1969 жылы өткен «Түркі тілдерін статистикалық және ақпараттық зерттеу» атты Бүкілодақтық ғылыми жиыннан бастап, қазақ тілінің жаңа ғылыми-инновациялық қолданбалы саласы бастама алды деуге болады.Қазақ қолданбалы лингвистика бөлімі қызметкерлері және ғылыми меңгерушісі өз ұстазы проф. Қ.Б.Бектаевтың ғылыми жолын жалғастыру мақсатымен, қазіргі қазақ тілінің жаңа саласы қолданбалы тіл білімінің теориялық және практикалық негізін қалау ісіне айтарлықтай үлес қосты деуге негіз бар. Мәселен, өткен ғасырдың 90-шы жылдары 20 томнан тұратын М.Әуезовтің шығармалар жинағы ЭЕМ жадына енгізіліп, соның нәтижесінде 1995 жылы «М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар текстерінің жиілік сөздіктері» атты жиілік сөздіктер жүйесі жарық көргенін айтуға болады. Міне, осындай жиілік сөздіктердің негізінде ұлы жазушының тіл байлығы мен стильдік ерекшелігі жайында бірнеше ғылыми зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалды.1991-1993 жылдар аралығында бөлімде «Қазақ тілінің қолданбалы саласындағы проблемалар» атты тақырыпты орындауда филол.ғ.д., профессор Ә.Болғанбаев, А.Жұбанов, Ш.Дәулетқұлов, С.Бизақов сияқты ғалымдар өнімді еңбек етті. 1998 жылы аталмыш бөлім Институттың құрылымдық өзгерістеріне байланысты енді «Компьютерлік лингвистика» ғылыми тобы деп аталып, қаржыландыру жағынан фонетика бөлімінің құрамына енді. Атауы мен мәртебесі өзгергенімен, зерттеу бағыт-бағдары айқын ғылыми топ өз қызметін әрі қарай тиімді жалғастырды деуге негіз бар. Себебі 2002 жылы ғылыми-зерттеу тақырыптардың жетекшісінің «Основные принципы формализации содержания казахского текста» атты докторлық монографиясы қазақ қолданбалы лингвистикасының болашақ дамуына қосылған елеулі үлес ретінде саналды.