Әлеуметтік лингвистиканы ғылыми пән ретінде сипаттаңыз.

Әлеуметтік лингвистика орысша социолингвистика ( лат. soci(etos)коғам , фр. lingua - язык) тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Онын негізгі объектісі — тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдык табиғаты, әлеуметтік кызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің (тілдердің) өмір сұру формасынан туатын тілдік жағдайлар, тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл саясаты тағы басқа жатады. Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көніл аударған 19 ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт, 20 ғасырда Прага структурализмі, Женева мектебінің өкілдері тағы басқа анкета арқылы байқау, интервью алу, статистикалык әдіс тағы басқа қолданған.
Әлеуметтік лингвистика тіл білімі, әлеуметтік психология және этнографияның тоғысында ерекше пән ретінде туып, тіл білімінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Мейе, Е.Д.Поливанов, Л.Я. Якубинский, В.В. Виноградов, Б.А. Ларин, В.М. Жирмунский, Р.О. Шор, М.В. Сергиевский, Н.С. Чемоданов, В. Матезиус, Б. Гавранек, Й. Вахек, Т. Фрингс және солардың Лейпцигте құрған диалектогиялық мектебі, Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Ли Уорф және басқа антропологиялық лингвистика өкілдері, «тілдік өмір сүрудің» жапондық мектебі жасаған зерттеу ұстанымдарының қазіргі кезеңде өткерілуін білдіреді. Ол өз сипаты бойынша имманентті структурализм мен топтастырушылыққа реакциядан туған. Оған әлеуметтік қатынастардың шиеленісуіне байланысты 60-70-жылдары Европалық және Америкалық қоғамда өскен тіл социологиясына қызығушылықты қанағаттандыруға ұмтылыс, Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Американың көптеген мемлекеттерінде тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың өзекті проблемаларына көңіл бұру тән.
Әлеуметтік лингвистиканың дамуына көптеген Кенес заманының ғалымдары (В.А. Аврорин, Г.В. Степанов, А.Д. Швейцер, В.Д. Бондалетов, А.И. Домашнев, Л.Б. Никольский, Ю.Д. Дешериев және басқалары) сүбелі үлес қосты. Қазақстанда – Б.Х. Хасанов, З.К. Ахмеджанова және т.б.
Зерттелетін көптеген проблемалар – тілдің әлеуметтік табиғаты, оның қоғамдық функциялары, әлеуметтік факторлардың тілге ықпалының сипаты, тілдің қоғам өміріндегі ролі – жалпы тіл білімінің де, әлеуметік лингвистиканың да кіріспесіне бірдей қатысты.
Әлеуметтік лингвистикада үш ағым бар:
а) социологияға басым бағытталған ағым (уақыт, мақсат, тілді немесе тіл вариантын, адресатты таңдау факторларын ескере отырып, тіл қолданысы нормалары; бір жағынан тіл қолданысы мен тіл қондырғысының өзара қатынасы, екінші жағынан үй немесе ұсақ әлеуметтік желілер; өзара әрекеттестіктегі әлеуметтік экономика, тарих, этникалық дифференциация, мәдениет, тілдің әлеуметтік жіктелуі мен варианттары құраған құбылыстар кешеніне байланысты диглоссия мен кодтар теориясы проблемалары);
ә) лингвистикаға басым бағытталған ағым (социологиялық параметрлерді есептегенде анықталатын тілдік жүйелердің бір текті болмауы; түрлі тілдік және тілдік емес айнымалылардың - әлеуметтік жіктің, жастың және сол сияқтылардың ықпалының нәтижесі болып табылатын белгілі бір әлеуметтік детерминацияланған тілдік ережелерді ықтималды талдаудың негізінде анықтау; тілдік өзгерістер теориясын жасау үшін варианттық лингвистика арнасында зерттеудің осындай мәліметтерін пайдалану мүмкіншілігі; тілдік эволюция үрдістері үшін әлеуметтік шарттардың релеванттылығын анықтау; вариантты құрылымның синхронды мәліметтерінің диахронды өзгерістердің «мезеттік бейнесі» ғана екенін дәлелдеу;
б) этнометодология мен этнография бағытталған ағым (тілдік әрекеттестік орталық ұғым ретінде; қоғам мүшелері әлеуметтік ақиқатты жасап, оны реттелген түрінде бір-біріне таныстыру әдістерін зерттеу; онда әңгімені ұйымдастыру ісін формальды конверсациялық талдау мен мәннің тууы мен оның контекстуализация амалдарына сүйеніп түсінудің интерактивті үрдістерін зерттейтін этнографиялық талдаудың ара жігін ашу).
Әлеуметтік лингвистиканың пәнаралық мәртебесі ұғымдық аппаратында әлеуметтік, тілдік нышандар негізінде тілдік ұжымды анықтауда (әлеуметтік әрекеттестік пен тілдің ортақ болуы); тіл жүйесінің белгілі бір деңгейімен және қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгеруімен немесе белгілі әлеуметтік жағдайлармен қатыстылық негізінде социолингвистикалық айнымалыларды анықтауда көрінеді. Негізгі назарға құрылымы жағынан көп өлшемді және стратификациялық дифференциацияны (қоғамдағы әлеуметтік жіктердің әр тектілігі), жағдайлық дифференциацияны (әлеуметтік жағдайлардың сан алуандығы) қамтитын тілдің әлеуметтік дифференциациясының проблемасы алынады. Сонымен қатар ұлттық тілдердің құрылу, тіл мен мәдениеттің әрекеттестігі проблемалары зерделенеді.
Тілдік жағдайды әр түрлі тілдердің немесе бір тілге жататын түрлі формалардың - әдеби тілдің, қарапайым тілдің, өңірлік койненің, белгілі бір этностық қауымдастықта немесе мемлекеттік құрылымда қолданылатын аумақтық және әлеуметтік диалектілердің жиынтығы деп түсінудің мәні ерекше. Тілдік жағдайлар экзоглоссты (түрлі тілдерді қолдану) және эндоглоссты (бір тілдің түрлі варианттарын қолдану), балансты (түрлі тілдердің немесе бір тілдің түрлі варианттарының бірдей функционалдық салмағында) және балансты емес (түрлі тілдер немесе бір тілдің түрлі варианттары арасында функциялардың әркелкі бөлінуі) болып айрықшаланады.
Түрлі мәдениеттер қатысында тілдердің қатысу үрдістерін, осыдан туатын лексикалық алмасуларды зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Белгілі бір коммуникативтік сала, әлеуметтік жағдай және сол сияқтылар ескеріледі, сол этномәдени ұжымда түрлі тілдер немесе бір тілдің түрлі варианттары қатар жүріп қолданылғанда билингвизм (қостілділік) мен диглоссияның (бір тілдің түрлі варианттарын қолдану қабілеті) әлеуметтік аспектілері зерделенеді. Әлеуметтік әдепті сөйлем құру үшін ұтымды варианттарды таңдау проблемасына көңіл аударылады, сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік нормалары анықталады.
Әлеуметтік лингвистика тілдердің (немесе тіл варианттарының) функционалдық бөлінісін сақтау немесе өзгерту жөніндегі, жаңа тіл нормаларын енгізу немесе бұрынғысын сақтау жөніндегі шаралардың жиынтығы ретінде тіл саясатының проблемасымен айналысады.
Әлеуметтік лингвистика зерттеудің мына әдістерін пайдаланады: тікелей бақылау, қосылған бақылау (бақылаушы коммуниканттардың бірі ретінде қатысуы), сауалнама өткізу, сұхбат жүргізу (ақпарат берушіні еркін әңгімеге немесе белгілі бір эталонға саналы бағдар ұстауға тарту), зерттеу мәліметтерін корреляциялық талдау (әлеуметтік және тілдік өлшемдерді кестелік мәліметтерді, тәуелділік кестелері мен математикалық статистиканы тарта отырып, тәуелсіз және толық немесе ішінара тәуелді айнымалыларды салғастыру). Тілдің әлеуметтік шартты варианттылығын модельдендіру (модель тудыратын тіл элементтерін, ықтималды-статистикалық талдаудың, ал диахронды талдау мақсатында – географиялық және әлеуметтік кеңістікте тілдік инновациялардың толқын тәріздес таралу туралы болжамға сүйенетін импликациялық толқынды модельдің элементтерін пайдалана отырып) әдістері ұсынылады. Сөйлеу ережесінің де модельденуі мүмкін, оның өзіндік социолингвистика-лық айнымалыларды негізгі таңдау және осы таңдауды шектейтін әлеуметтік факторларының есебі бар.