Тіл білмінің зерттеу әдістері: салыстырмалы және сипаттамалы

Әдіс – қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Ол жоспар зерттеушінің тілдік құбылыстарды зерттеудегі әрекеттерін үйлестіреді, бір жүйеге түсіреді. Кез келген жоспар қойылған мақсатқа жетуде бірнеше кезеңдерден, әрекеттердің бірізділігінен тұрады.
Тіл білімінің зерттеу әдістері тілдің маңызды жақтарын зерттеудің жолы, тәсілі, солардың жиынтығы. Тіл ғылымының тарихында жаңа бетбүрыс кезеңдер, мәнді теориялық жаңалықтар ашылумен қатар, тілдің белгілі бір жағына айрықша көңіл белініп, оны зерттеудің әдістері де өзгеріп отырған. Жаңа теорияның пайда болуымен бүрынғы теорияларда пайдаланылған әдістер жоқ болып кетпейді, олар тілді зерттеудің жеке арнайы әдістері болып қала береді. Сөйтіп, даму барысында тілді зерттеудің әдістері де толығып отырған. Тіл ғылымының тарихында ең көне әдіс — сипаттама өдісі, оны б. д. д. V-IV ғасырларда кене үнділер пайдаланған. Сипаттама әдісі тілдік түлғапардың белгілі бір кезеңіндегі жайкүйін, қалпын толықтай тізбелеп, сипаттап шығуға арналған. XIX ғ. басында салыстырмалы-тарихи тіл ғылымының тууымен бірге салыстырмалы-тарихи өдіс пайда болды. Салыстырмалы-тарихи әдістің негізін қалаған ғалымдар — Р. Раск, Ф. Бопп, Я. Грим. Бұл әдістің басшылыққа алынатын негізгі қағидалары: а) өзара сапыстыру арқылытілдердің көне бір тілден тарағанын, туыстығын дәлелдеуге болады; ә) тілдер өзара туыстыс топтарға, семьяларға белінеді; б) туыстас тілдердің бір-бірінен айырмашылығы — олардың тарихи дамуының нәтижесі. XX ғ. бас кезінде тіл зерттеудің кұрылымдық өдістері пайда бола бастады. Оның негізін қалаған көрнекті швейцар ғалымы Фердинад де Соссюр, одан әрі Копенгаген, Прага,Америка мектептерінің екілдері дамытып алып кетті. Бұл бағыттағы ғалымдардың басшылыққа апатын қағидалары: а) тілде жекелеген деректер мәнді емес, олардың тұтас жүйесі мәнді, әр элементтің мәнділігі осы жүйе арқылыанықталады, ал соңғысы жеке элементтердің жай қосындысы емес; ә) тіл ғылымында жүйе ішіндегі элементтердің қарым-қатынасы ерекше мәнді, сондықтан осы қарым-қатынастарды тарихқа, мезгілге қатыссыз алып зерттеу керек.
Сипаттамалы әдіс
Сипаттамалы әдіс – тіл білімі әдістерінің ішіндегі ең кең тараған әдістердің бірі. Бұл әдіс зерттеліп отырған нысанның өткендегі тарихын ескермей, оның белгілі бір дәуірдегі қалпын немесе синхрондық күйін ғана сипаттайды. Осы әдіс бойынша жазылған еңбектер аталмыш әдістің атымен аталады. Мысалы, сипаттамалы фонетика, сипаттамалы грамматика т.с.с.
Сипаттамалы әдістің кемшілігі – бұл әдісте тіл тарихы мен басқа тілдердің тілдік материалдары зерттеуден тыс қалады.
Салыстырмалы әдіс
Лингвистикалық зерттеулердің алғашқы ғылыми әдістерінің бірі – салыстырмалы-тарихи әдіс болды. Ол әдістің негізін ХІХ ғасырдың басында Ф. Бопп, Р. Раск, Я. Гримм қалады. Бірақ та бұл зерттеулер атомарлы түрде, яғни жүйесіз түрде жүргізілді. Бұл танымдық зерттеулердің әдісі зерттеудің мақсат-міндеттерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан танымның әдіс-тәсілдерін зерттеу мақсаттарынан тыс қарастыру мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандай тілдерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауға болады. Салыстыру барысында кейбір дәл нәтижелерге келуге болады.
Біріншіден, салыстырғанда бір тектес заттарды салыстыруға болады. Ал тілдерде әр деңгейдегі бірліктерді, олардың әр тілдердегі қызметін, лексикалық, грамматикалық категорияларды, сөйлем модельдері және олардың сөйлемде қолдану тәсілдерін салыстыруға болады.
Екіншіден, әр тілдегі құбылыстардың ең маңызды және қажетті белгілерін, одан кейін барып қана қосалқы белгілерін зерттеу қажет. Салыстыру әдісінің негізгі мақсаты барлық тілдік деңгейлерге қатысты тілдік құрылымдардың айырмашылықтарын емес, оларға ортақ қасиеттерін табу. Басқаша айтсақ, тілдердің әмбебап қасеиттерін айқындау.