3 минутта дайын болатын печенье
Бұл асығыс-үсігіс жүретін адамдарға арналған печенье. Оған небары 3 ингредиент қажет. Қамырын дайындауға 3 минут қана жеткілікті. Ал пешке салып қойғаннан кейін басқа шаруаларыңызбен айналыса берсеңіз болады. Аяқ астынан тума-туыстарыңыз, жора-жолдастарыңыз келіп қалса, тез арада дайындай аласыз.
Ол үшін сізге:
3/4 стақан бөлме температурасындағы кілегей майы;
1/2 стақан қант;
2 стақан ұн керек.
Дайындау жолы:
1. Барлық ингредиентті араластырып, қамырды илеңіз.
2. Қамырды илеп болған соң одан сопақша пішін жасаңыз.
3. Жан-жағына қант сеуіп, тоңазытқышқа немесе мұздатқышқа салып салқындатыңыз.
4. Одан кейін печеньені шамамен 170 градус температурада 20 минут пісіріңіз.
Асыңыз дәмді болсын!