Жаңа жылға арналған сценарийлер мен ойындар

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге, сөз мәнеріне сай қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға, мәнерлеп айтуға үйрету.

1-жүргізуші:

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық!

Ән «Қыс қызығы»

(Залдың іші қараңғы болып тұрады. Залдың артынан Ақшақар дауыстайды.)

Ақшақар: Балалар, біз Аяз Ата екеуміз сендерге келе алмаудамыз. Аяз Атаның сиқырлы таяғын Қаһарлы Ханшайым алып кетті.

Аяз Ата: Балалар, егер сендер Қаһарлы Ханшайымның шарттарын орындасаңдар сиқырлы таяқша маған оралады. Ал біз сиқырлы таяқшасыз сендерге жете алмаймыз. Көмектесе аласыңдар ма? Қаһарлы Ханшайымның щарттарын орындай аласыңдар ма?

(Залда жүрген оқушылар «Иә» деп жауап береді. Ортаға Қаһарлы Ханшайым келеді).

Ханшайым: менің сендерге қоятын шартым мынандай.

Егер де сендер ойындар ойнап, маған өнерлеріңді көрсетсеңдер, яғни би билеп, ән айтып берсеңдер ғана мен сендерге сиқырлы таяқты қайтарамын (қолында таяғы болады).

Біріншіден, мен сендерге жұмбақ даярлап әкелдім, іштеріңде тапқыр балалар көп пе? Олай болса, менің жұмбағымды тыңдаңдар.

(Жұмбақтар шешуі)

2-жүргізуші: Енді, балалар, Ханшайымды көңілдендіріп, мерекеміздің сәнін келтірейік, бір ойын ойнап жіберейік. Ойынның аты - «Кім епті?»

1-жүргізуші: Балалар, сендер байқайсыңдар ма, Қаһарлы Ханшайымның жүзінде күлімдеу пайда бола бастады. Сендердің араларыңда көптеген ертегі кейіпкерлері жүр екен. Қай ертегі кейіпкерісіңдер?

2-жүргізуші: Ал енді сендердің араларыңда бишілер бар ма?

(Қазақ биі)

1-жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойыда алар,

Әсем ән мен тәтті күй»,- демекші кезекті әнге берейік.

Ән: «Қуыршағым»

(Қаһарлы Ханшайым күлімдеп ортаға шығады).

2-жүргізуші: Қаһарлы апай, енді таяқты бізге бересіз бе? Балалар Аяз Атаны күтіп қалады ғой.

Ханшайым: Ал, балалар, сендерге көп рахмет! Өнерлі балалар екенсіңдер. Олай болса Аяз Ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық.

(Оқушылар дауыстап шақырады).

Аяз Ата, Ақшақар, келіңдер!

1-жүргізуші: Енді шыршаны айнала жүрейік.

(Аяз Ата мен Ақшақар ортаға келеді. Әуен қосылып тұрады).

Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа Жылдарың құтты болсын! Біз сендерге алыстан келдік.

(Алдынан Ханшайым жүгіріп шығып, таяқшаны береді).

Қаһарлы Ханшайым: Аяз Ата, сәлеметсіз бе! Менің қателіктерімді кешіріңіз, сиқырлы таяғыңызды қабыл алыңыз.

2-жүргізуші: Қане, балалар, Аяз Атаға арнап бәріміз қосылып, шыршаны айнала ән салайық.

Ән: «Аяз Ата»

Аяз Ата: Ал, балалар, тағы қандай өнерлерің бар? Менің сендерге деген сыйлықтарым көп.

1-жүргізуші:

Өнері бар досым,
Ортаға шық қасқайып.
Кімнің әні, күйі бар,
Өнерліге беретін
Аяз Ата сыйы бар.

(1-сынып тақпақтары)

2-жүргізуші: Аяз Атамызға ойын ойнап, ән айтып, өзіміздің көп тілді меңгергенімізді көрсетейік.

Ән: (Ағылшын тілінде)

Ойын: «Вперед, назад».

1-жүргізуші: Енді Ақшақарымызға арнап «Ақшақар» әніншыршаны айнала орындайық.

Би: «Ақшақарлар»

2-жүргізуші: Балалар, Аяз Ата өзімен ойын алып келіпті. Бәріміз соны бірге ойнайық. Ол үшін шеңбер болып ұрайық. Қазір Аяз Ата сендерге таяғын береді, сендер оны музыка қосылғанда айналдырып жүргізулерің керек. Ал музыка тоқтағанда таяқ кімде қалады, сол бала бізге өнерін көрсетеді.

Ойын: «Сиқырлы таяқ»

1-жүргізуші: Ал енді ескі жылды шығарып қош айтысайық. Олай болса есімізге түсірейікші, биылғы жыл қандай жақсылығымен есте қалды?

(Оқушылардың жауабы).

2-жүргізуші:

Ескі жылға ризамыз:
Өсе түсті бойымыз,
Қандық талай сырға біз,
Шарықтайды ойымыз.

Балалар, біз қой жылына ризамыз ба? Ендеше бәріміз бірге қой жылына рахмет айтайық.

(Осы кезде Жаңа жыл келеді).

Амансыңдар ма, достарым! Келе жатқан Жаңа Жыл құтты болсын!

Жаңа жыл жаңа бақыт, қуаныш, молшылық әкелсін!

Ән: «Жаңа жыл».

Аяз Ата: Ал, мені өздеріңдей сағынып алыс жерлерде тағы да көп балалар күтіп отыр, қызымыз екеуміз аттанайық. Сендер өнерлі балалар екенсіңдер, сендерге көп-көп рахмет!

2-жүргізуші: Ата, сізге де көп рахмет! Келесі жыл келгенше біз сізді асыға күтеміз. Қош сау болыңыз!

Олай болса жаңа Жыл құтты болсын, ағайын!

Біз тілейміз Жаңа Жылдық шаттықты,
Біз тілейміз Жаңа Жылдық бақытты!