Дәуіт Шайхысламов Тенге мен Доллар туралы қысқа фильм түсірд
Қазақстандық шоумен Дәуіт Шайхысламов Тенге мен Доллар туралы «Ирония судьбы или с легким плавом» атты қысқаметражды фильм түсірді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Мини-фильм екі достың девальвациядан кейін күрт өзгерген өмірі туралы баяндайды.
Өмірдің қызығын бастан кешіп жүрген Доллар сәнді киіммен мейрамханалардан шықпай, сұлу қыздарды қолтықтап жүргенде, Тенге ескі киімінде қиын тағдыры туралы сыр шертіп, бұрынғы – керемет сәттерге толы – өмірін еске алып, күрсінеді.