Болашақ үйіңіздің қандай болғанын қалайсыз?
қатты үлкен де, қатты кішкентай да емес, әдемілеп тұрғызылған мансард. Ауласы кең, түрлі гүлдер отырғызып, өз қолымызбен шағын фонтан жасап, абаттандырғанды қалаймын. Балаларға арналған әткеншек, жүзім ағаштары, кешкілік шай ішетін шағын беседкасы болса тамаша болар еді. Шет жақта кәуап пісіретін орын болса демалыс сайын достарымызды қонаққа шақырар ек)) деееп армандап қоям)
Болашақ үй үлкен және табиғаты тамаша жерде болса, кітапханасында көп кітап болса, әр бөлмесі өзгеше болса, балалар бөлмесі үлкен ойын залы сияқты болса, керегесі қатты болса деп армандаймын
бір нәрсе анық әлемде ондай үй әлі болмаған
Маған үйімнің үлкен,кіші немесе арзан, қымбат болатыны аса маңызды емес, бастысы айналасында табиғаты экологиялық таза, гүл көп отырғызылған болса болды...
Болашақ үйім бүкіл әлем менің үйіме қарап батыс пен шығыстың, оңтүстік пен солтүстіктің қандай болатындығын анықтайтындай үлкен болса екен деймін...Сол жерде барлық туысқандарыммен бірге тұрғым келеді...
шынына келетін болсақ ешкім білмейді кімде қалай болатынын. Бірақ менікі дәу боу керек!
Өазақстандағы бірінші Үлкен Сарай үй болады. 2000 гектар аумағымен.