Бірінші байлық — денсаулық
Денсаулықтан асқан байлықтың жоқ екендігін бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан денсаулығымызды күтіп, салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға денсаулық туралы айтқан ұлы ойшылдардың бір топ сөзін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
1. Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі.
Т. Карлейль
2. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
А. Шопенгауэр
3. Өмір үшін тамақ қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек, ал дырду тіршілік түбінде адамға ауру болып жабысады, еңбек өмірдің шырынына май құяды, ал қиял оны тұтандырады.
Дж. Беллерс
4. Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, ағза мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды.
Н.Г.Чернышевский
5. Дүниеде көбірек тұрғың келсе, өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе, былапытта"
Ғ. Мұстафин
6. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дертке пысқырып та қарамайсың.
Б. Шоу
7. Егер адамдар қарны әбден ашқанда ғана тамақ ішіп, таза да кенеулі әрі жеңіл асты қорек етсе, онда олар ауру дегенді атымен білмей өтер еді, жаны мен тәнін ырқына көндірер еді.
Л. Н. Толстой
8. Дене жаттығулары көптеген дәрі-дәрмектің орнына жүре алады, бірақ дүниеде бір де бір дәрі дене жаттығуының өтеуіне жүре алмайды.
А. Мюссе
9. Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ.
А. А. Семашко
10. Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді.
Ибн-Сина