күйзеліске жиі түсесіздер ме? Жиі шаршайсыздар ма?

күйзеліске жиі түсесіздер ме? Жиі шаршайсыздар ма?

Шаршағаннан емес сияқты, күйзеліске жиі түсіп тұрамын, сондайда ешкімге сөйлегім келмей өзіммен-өзім тыныш жүргім келеді, ешкімнің қатысуынсыз ойланғым келеді, біреу маған "не болды?", "Ренжіп қалдың ба?" деп сөйлегенде жылағымның келетіні-ай)
Жалпы күйзеліс ішкі әлеміміз бен сыртқы қоршаған ортамыздың (қоғамның, құбылыстардың) бір-біріне қайшы келуі сияқты. Әрбір жағымсыз жағдайды ой елегінен өткізіп, одан керекті сабақты алып, реніш-өкпені тез ұмытуға тырысу керек, ештеңе біздің өмірімізде кездейсоқ болмайтынын ұғыну да маңызды. Сонда сана-сезіміміз тынышталып, өзімізге бағынады. Ал көңіл-күйдің түсуі ең алдымен бізге өзгенің тарапынан көңілдің, назардың аз бөлінуінен боп жатады, бірақ ең әуелі өзіңізді өзіңіз жақсы көріп, көңіл бөліп алыңыз, өзіңізге сенімділікті арттырып, ешкімнің көңіл бөлуіне мұқтаж еместей күйге келіп алыңыз, сонда жүзіңіз нұрланып, жайбарақат күй кешесіз. Ондай адамға бар әлем еріксізден тартылады. Әйтпесе "сырттан назар күту - "сендер билеңдер, мен содан соң ғана музыка ойнауды бастаймын" дегенмен тең" дегенді оқыған ем.
Күйзеліске жиі түсемін деп айта алмаймын,,,бірак кейде терең ойларға шомып кетемін,мұны күйзеліс деп айтуға келмес енді)Мен шаршағым келмейді,шаршасамда білдірткім келмейді,себебі мен істейтін әлі талай істер бар!!
Сіздергеде қаншама қиын іс болсын,қаншама қиын мәселе болсада қатты тұңілмеулеріңізді өтінемін!!
Ол кім екен? :roll:
Күйзеліске жиі түсетін шығармын, алайда оның өткінші екенін білетіндіктен, уақыттың зымырап өткенін аңсаймын...