Күйзелістің дәрігер жұмысына әсері

Дәрігерлер «ең депрессиялық» мамандық иелерінің қатарына кіреді. Ғалымдар күйзелістің дәрігерлерге және емделушілерге тигізетін зардабын анықтады.

Бірнеше ай бұрын зерттеушілер әртүрлі мамандық иелерінің арасында өздеріне ең көп қол жұмсайтындарды анықтап, материал жариялаған болатын. Қаупі жоғары топқа дәрігерлер,өрт сөндірушілер, құтқарушылар, күзетшілер, әскер және полиция қызметкерлерін жатқызды. Жұмыс орнында өзіне қол жұмсау жоғарыда айтылған мамандық иелерінде басқаларына қарағанда 3 есе жоғары болған. Мұның себебі күйзелісте екені анықталды.