Конгресс кітапханасы

Конгресс кітапханасының іргетасы 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекет астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заң қабылдағанда қаланды.

Бұл заңда Конгреске қажет болатын кітаптар мен оларға арналған кітап сақтайтын қоймаларды жолдауға 5000$ бөлінді. Заң бойынша кітапхананың оқырмандар тізімінде тек АҚШ президенті мен вице-президенті, Сенат мүшелері және палата өкілдері ғана болды. Кітапхананың Конгресс аталуы да сондықтан.



Кітапхананың тұңғыш қорына 740 кітап пен Лондонда сатылып алынған 63 Американың географиялық картасы енді. 1804 жылы 4 наурызда президент болып сайланған Т. Джефферсон кітапхана қорының рөлі мен маңыздылығы мәселелерімен айналысты. Оның кезінде кітапхана қоры біршама ұлғайды. 8 жылдан кейін президенттік антын қабылдаған Джеймс Мэдисонның үлесіне 1812-1814 жылдары болған ағылшын соғысының ауыр жүгі түсті. Бұл ғылыми кітапхана өндірістік компаниялармен, жеке фирмаларға, зерттеу орталықтары, өкіметтік және ғылыми мекемелерге арналған. Кітапхананың кітап қорында құқықтану, тарих, саясат, жаратылыстану, техникалық ғылымдар мен анықтамалық әдебиеттер жайлы материалдар толық келтірілген. Кітапхана қорында бүгінде 30 миллионнан астам кітап пен 470-тен астам тілде жазылған баспа материалы, 58 миллион қолжазба, 4,8 миллион карта, 12 миллион фотосурет сақталған. 1987 жылдан бері кітапхана директоры Джеймс Биллингтон атқарып келеді. Қазіргі кезде кітапхана қолжетімді, бірақ белгілі бір шектеулері бар.