Жалпы фонетика, фонетиканың лингвистикалық пәндер жүйесінде
Жалпы фонетика тіл білімінің бір саласы ретінде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстары классификациясының принциптерін белгілейді. Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын, сөйлеу түйдегіндегі көріністерін, яғни фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланысын және фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс құбылыстардың себепті б-ыстарын қарастыра отырып, дыбыстардың динамикасын зерттейді. Жеке фонетика зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. Дыбыстың жалпы теориясын физиканың “акустика (грекше – “естілу”) саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс – бұл қандай-да бір дененің қайбір ортада қандай да бір қозғаушы күштің әсерімен жүзеге асатын және есіту арқылы қабылдауға болатын тербелісті қозғалысының нәтижесі. Акустика дыбыстардағы келесі белгілерді бөледі: 1) дыбыс ырғағы – уақыт бірлігінде тербеліс жиілігі жоғары болса, дыбыс та соншалықты жоғары болады. 2) Дыбыс қарқыны – дыбыс толқынының ең жоғарғы нүктесі мен төмендеу нүктесінің арақашықтығы. 3) Дыбыстың созылыңқылығы – дыбыстың уақыт бірлігіндегі тербеліс мөлшерімен созылуы. 4) Дыбыс тембрін, яғни оның акустикалық белгілерінің жеке қасиеттерін қарастырады. Сөйлеу-тіл дыбыстарын шығаруға бағытталған сөйлеу мүшелерінің жұмысы артикуляция деп аталады. Зерттеу тәсілдеріне қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы фонетика болып бөлінеді. Сипаттамалы (синхрониялық я статикалық) фонетика тілдік дамудың сол өмір сүріп тұрған кезеңіндегі дыбыстардың сапалық белгілерін, сандық құрамын, тіркесуін, буын, екпін мәселелерін, үндес у заңдылықтарын, орфоэпияны, орфографияны қарастырады. Салыстырмалы фонетика тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Салғастырмалы фонетика тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттейді. Экспериментті фонетикалық әдіс екі топқа бөлінеді: 1) акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады. Артикуляциялық база (лат. Articulato – анық айту) дыбыстау мүшелерін қолдану дағдыларының аталмыш тіл сөйлеушілеріне үйреншікті жиынтығы. Арт. база буын немесе басқа да ырғақ бірліктерін жасауда жеке дыбыстардың артикуляциясын, дем шығару, және бұлшық ет энергиясын бәсеңдетудің жиынтығы. А.б. Акцент түрінде өзге тілді үйренуде байқалады. Фонеманы зерттейтін тіл білімінің саласы – фонология. Оның негізін салушы – Николай Сергеевич Трубецкой (Прага мектебі). Ол “Фонология негіздері” (1938) еңбегін жазды. Алайда фонема ұғымы одан бұрынырақ ХІХ ғ. 70 ж. қалыптасты. “Фонема” ұғымын сондай-ақ Соссюр, Б.де Куртенэ де зерттеп негіздеді. Фонема – тіл жүйесіндегі мағынасыз бірлік, ол сөздер мен морфемаларды ажырату қызметін атқаратын ең кіші дыбыстық бірлік. Дәстүрлі тіл білімінде фонеманың 3 түрлі қызметі бар: перцептивтік (қабылдау, тану); сигнификативтік (мағына ажырату); делмитативтік (шектік қызметі, яғни синтаксистік бірлік ішінде сөздер мен морфеманың арасындағы шекараны белгілеу қызметі, мыс., “балалар” дегендегі “л” жалғаудың басталғанын белгілеп тұр). Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің дыбыстық жүйесі – тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы – лексикология саласында, грамматикалық құрылысы – грамматика саласында қарастырылады. Осы аталған салалардан басқа тіл білімінде лексикография, стилистика, фразеология сияқты салалар бар. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімі олардың әр түрлі қырларын, салаларын, дамуын, өзара байланысын, тілдің дамуының ішкі заңдылықтарын зерттейді.