Тіл және сөйлеудің арақатынасын сараптаңыз.
Тіл дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап көп және алуан түрлі. Өйткені адам баласының сөйлеу тілі өте күрделі құбылыс.
Тіл білімі тарихында тілге берілген анықтамалар көп. Себебі анықтама берушілер тілдің қоғам өмірінде атқаратын қызметін әр түрлі түсінген.Т Мәселен, тілдің экспрессивтік қызметн бассшылыққа алған адамдар: «Тіл -ойдың, дыбыстық көрінісі» (А.Шлейхер), «Тіл - ойдың формасы» (А. Потебня), «Тіл - ой-сананың сыртқы көрінісі» (Гегель), - деген пікірлер қалыптасты.
Сөйлеу дегеніміз – қатынас жасау процесінде өз ойын, сезімін басқаларға білдіру, басқаның ойын білдіру мақсатында тілді қолдану деген сөз.
Тіл және сөйлеу ұғымдарының аражігін Ф.де Соссюр ажыратты, кейін Л.В.Щерба және оның шәкірттері осы ұғымдарды тереңдете зерттеді. Соссюр бойынша, тіл – элементтер жүйесі, яғни түрлі қабаттардың бірліктері және осы элементтердің қызмет ету ережелерінің жүйесі, сондай-ақ осы тілді тұтынушылардың барлығына бірыңғай әлеуметтік құбылыс. Сөйлеу – бұл тілдің өмір сүру формасы, тіл тікелей сөйлеуде қызмет етеді. Сөйлеуден, сөйлеу актісінен және мәтіннен тыс тұрғанда тіл - абстрактілі құбылыс. Сөйтіп, тіл - идеалды, абстрактілі, шартты, статикалық, қоғамдық құбылыс; ал сөйлеу – материалды, нақты, динамикалық, индивидуалдық құбылыс.