Тілдердің типологиялық классификациясын тілдердің типтік ере
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге әр басқа негізден тараған тілдердің, яғни генеологиялық жағынан ір басқа тілдердің арасында да болуы мүмкін. Мұның үстіне, тусытас тілдердің арасында да құрылымдық жағынан елеулі айырмашылықтардың болуы әбден ықтимал. Ал туыстас тілдердің арасындағы құрылымдық айырмашылықтарды салыстырмалы тарихи тіл білімі тұрғысынан түсіндіру әрқашан мүмкін бола бермейді. Мұндай ұқсастық пен айырмашылықтарды айқындау, олардың себептерін зерттеу жіне тіәлдердің құрылымдық типтерін белгілеу барысында тіл білімінде оның бір саласы – лингвистикалық типология пайда болды. Лингвистикалық типология тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын олардың туыстығына байланыссыз зерттейді.
Лингвистикалық типология тілдердің типтерін айқындауды мақсат етеді. Алайда, лингвистикалық типология пайда болғаннан бері ұзақ уақыт (150жылдан астам) өткенімен, тілдік тип туралы ұғым мен тілдердің типтерінің пайда болу себептері әлі де болса жете айқындалмай келеді.
Тілдердіғ типін анықтау, сайып келгенде, тілдің құрылысын айқындау болып келеді. Алайда белгілі бір тілдердің қандай типіне жататындығын айқындау үшін әдетте сол тілдің барлық қасиеттері мен ерекшеліктері емес, оның басты белгілері негізге алынады. Тілдерге типологиялық классификация жасауда грамматикалық формалардағы аналитизм мен синтетизм құбылыстарының арақатынасы, бұлардың біоінің басым бірінің аз не мулдем болмауы, түбір морфема мен аффикстік морфемалардың байланысу сипаты, ішкі флексияның болуы не болмауы, анықтауыш пен анықтағыштың арасындағы байланыстың түрлері, сөйлемнің эргативтң конструкциясы, сөздердің орын тәртібінің ерекшеліктері және тағы басқа осылар тәріздес тілдік құбылыстар ескеріледі.
Тілдердің типологиялық класстфикациясында мына бір жайды ескермеске болмайды: белгілі бір тілде тілдердің бір емес, бірнеше типіне тән ерекшеліктер мен белгілер, әдетте ұшыраса береді. Осыны ескергенде, әрбәр тілді политипологиялы деуге болады. Мұның өзі тілдердің жалпы типологиялық классификациясын жасауда нақтылы бір тілді тілдердің белгілі бір типологиялық тобына жатқызу мәселесін шешуді қиындата түседі.