Тілдік қатынас: пиджин ж/е креол тілдерге мысал келтіріп, бұ
Пиджин (ағыл. бұрмаланған business- іс сөзінен)- тілдің табиғи сөйлеушілерінің ешқайсысына ана тілі болмайтын, шектеулі қатынас қызметін атқаратын, барлық деңгейлердеықшамдалған, табиғи жолмен жасалған тіл (тілдердің конвергентті дамуы). Пиджин тіл аралас тұрғындардың ортасында этносаралық қатынас құралы ретінде пайдаланылады. Пиджин және пиджинденген тіл түрлерінің 50 шақтысы белгілі. Олар Оңтүстік-Шығыс Азияда, Океанияда, Африкада, аз мөлшерде - Америкада таралған. Пиджин басым көпшілігі ағылшын тілінегізінде жасалған. Кейінгі кезде Пиджин pidgin-English, сабир т.б. тілдермен бірге «трасянка», «суржик» дегендерді жатқызады. Пиджинделу орыс. пйджинизация — пиджиндердің (к.) күрылымдыкжағынан калыптасу процесі. Пиджинделу процесі негізтіл мен оған ұксамайтын баска тіл (тілдер) иелерінін шектеулі карымкатынасы жағдайында өтеді. Пиджинделу еңалдымен негіз-тілдің күрделі грамматикалык модельдерін бұзып, оларды оңайлатудан көрінеді. Ол негіз-тілдің фонологиялык курылымына эсер етеді, сонын нәтижесінде кейбір дыбыстык категориялардын модельдік сипаты бұзылады. Тіл формаларының Пиджинделуі Онтүстік-Шығыс Азия, Океания, Африка және белгілі мәлшердеАмерикада тараған. Пиджинделу процесі негізінде креол тілдер (к.) калыптаскан. Креол тілдер - белгілі-бір еуропалық тілдердің бір кезде отарланған байырғы халықтың қатынас құралы ретінде қолданылуы нәтижесінде туған аралас тіл. Креол тілдер – негіз тіл мен халық тілінің пиджинделуі процесі негізінде туып, жергілікті халыққа ана тіліндей қызмет етеді. Креол тілдер Африка, Азия, Америка ж/е Океания елдерінде 25-30 млн адам сөйлейді.