Тілдер дамуының конвергенттік ж/е дивергенттік теориясын мыс
Лингвистика (глоттология, тіл білімі) — предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Адамзаттың сөйлеу тілі Тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған
Конвергенция – (лат konvera–жақындаймын) тарихи даму үдерісінде тілдік бірліктердің жақынгдасуы немесе сәйкес келуі. Дивергенцияға қарама–қарсы келуі. Ұғымдық жағынан тілдің конвергентті дамуы деген түсінікпен теңбе–тең келеді. Конвергенция тілдердің жақындасуы, диалдектілер арқылы бір–бірімен байланысы. екі не одан көп тілдік құбылыстын жакындап бірігуі. Конвергенция ұғымы глоттогониялык және күрылымдык-диахрониялыкекі түрғыда каралады. Глоттогониялық Конвергенция ұзак уақытқа созылған катынас негізінде бірнеше тілде (туыс немесе туыс емес) ортак құрылымдық белгілердін калыптасуын білдіреді. Ал құрылымдық-диахрониялық Конвергенция кейбір варианттык айырмашылыктардын жоғалуы нәтижесінде тіл жүйесіндегі эр түрліліктін азаюын білдіретін тарихи процесс. Бұл мағынадағы Конвергенция ұғымын қалыптастырғандар Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Фонология және грамматика жүйесіндегі Конвергенция бір-біріне ұқсастық негізінде тенестіру механизмі аркылы жүзеге асады. Мысалы, омонимдік грамматикалык формалардын жойылуы, септік жүйесінін ыкшамдалуы осыған жатады. Конвергенция — дивергенцияеа (Конвергенция) қарама-қарсы құбылыс Дивергенция (лат. diverge - ауыткимын, ажырасамын) — екі не одан көп тіл құбылыстарының бір-бірінен ажырасуы. Дивергенция ұғымы глоттогониялық және құрылымдық-диахрониялық екі тұрғыда қаралады. Глоттогониялык Дивергенция әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туыс тілдердің немесе бір тілдегі диалектілердің бір-бірінен ажырап бөлінуін білдіреді. Дивергенция процесі ортақ ататілден бөлініп шыққан тіл семьяларының қалыптасу ындағы негізгі жол. Құрылымдық-диахрониялық Дивергенция тіл жүйесіндегі айырмашылықтардың көбеюіне әкеп соғатын тарихи процесс. Бұл мағынадағы Дивергенция ұғымын қалыптастырғандар — Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Дивергенция ұғымы тілдің барлық денгейлеріне қатысты. Конвергенцияға қарама-қарсы құбылыс Дивергенция – (лат divergo – ауытқимын, алшақтаймын) тілдік бірліктердік жарыспалылық сипатын айқындайтын алғышарттарының шектелуіне(жойылуына) байланысты тілдік бірлік жарыспаларының дербес тілдік бірлікке айналуы. Дивергенция – алшақтау дербес тілдік бірлікке айналу.