Тіл мен ойлау арақатынасын сараптаңыз.
Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткіземіз. Ақыл-ой жетістігі болып табылатын, ақиқат, өмірдің бейнелуін қамтамасыз ететін ең жоғарғы таным-түйсік адамға ғана тән және ол-сөйлеу актісімен тікелей байланысты форма. Яғни адамдар бұл бейнелерді қалыптастыруда тілді пайдаланады, бір-бірімен қарым-қатынасқа тіл арқылы түседі, бейненің бар болмасын суреттеу үшін, бір-біріне жеткізу үшін тілдік блоктарды түзеді. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді.
Ф. де Соссюр ойды тілдің семантикасымен теңдестіре отырып, тілді қағазбен былайша салыстырады: «Ой дегеніміз, сол қағаздың бет жағы, ал дыбыс – астыңғы жағы, егер қағаздың бет жағын, астыңғы жағын бүлдірмей кесіп алуға болмайтыны сияқты, тілде де дыбыстан, дыбысты ойдан бөліп алуға болмайды. Мұны тек абстракциялық түрде ажыратуға болады»-дейді. Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде, тілдегі категорияларының өз ара байланысы, арақатысы ескеріледі. Мысалы, тілдегі сөз логикалық категория – ұғыммен тығыз байланыста болса, сөйлем байымдаумен (суждение) тығыз байланыста болады. Сөз бен ұғым бірлікте, өз ара тығыз байланыста болады дегеннен бұл екеуі бір-бірімен тепе-тең екен деген түсінік тумауға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтары мыналар: кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы кейбір сөздер ұғымды өздігінен емес, тек тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады. Бірнеше мағынаны білдіретін бір сөздің өзі әлденеше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес, байымдауды да білдіруі мүмкін. Мүндай жағдайда сөз сөйлем ретінде қызмет атқарады. Бұл айтылғандардың бәрі де сөз бен ұғымның тепе-тең емес, бірақ өз ара байланысты екендігін көрсетеді. Ойлаудың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі – байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор – ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да-адамға тән құбылыстар. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі,мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Адамның ой тіл арқылы тілдегі сөздер және олардың тіркесі арқылы айтылыды да, материалдық формаға енді. Ойлаудың туып жасалуында тілдің ролі айрықша зор.