Тілдер туыстығын анықтаудың алғашқы қадамдары және олардың т
Көптеген тілдермен танысу барысы әр түрлі тілдер арасындағы ұқсастық мәселесін алғы тартты. Санскритті зерттеу тілдерді салыстыруда зор маңызға ие. Санскрит туралы алғашқы мәліметтерді Еуропаға италян саудагері Сассети ХҮІ ғ. 80 ж. әкелді, ол бірнеше сансрит сөзінің италян сөзіне ұқсастығын келтіреді.
Еуропа тілдерін топтастырудың бірінші тәжірибесін француз лингвисі Ж. Скалигер (1540-1609) жүргізді. “Еуропа тілдері тур. пайымдаулар” (1599) еңбегінде 11тілдік топты, оның ішінде – 4 ірі, 7 кіші топты анықтады. Ол тілдердің сәйкестігін олардағы сөздердің ұқсастығымен түсіндірді, сөйтіп бұл тілдерді туыс деп болжамады. ХҮІІ- ХҮІІІ ғ. еуропа тілдеріндегі ұқсастықтарды көптеген ғалымдар аңғарды. Литовец Михало Литуанус –латын және литва тілдеріндегі өзара ұқсас жүз сөз көрді, орыс және литва тілдерінің туыстығын жоққа шығарды.
1786 ж. ағылшын шығыстанушысы У.Джонстың санскрит тілдерінің көптеген тілдермен туыстығы және олардың бір тектен шыққаны туралы идеясы лингвистердің назарын аударды. Тілдерге тарихи тұрғыдан келу этимологиялық және көптілді сөздіктерді құрастыру негізінде пайда болды. Роман тілдері бойынша “Француз тілінің этимологиялық сөздігі” (1650), авторы – Менаж.
ХҮІ ғ. ірі лингвист Юлиус Цезарь Скалигер. Оның грамматикасы “О причинах латинского языка” (1540). Ол грамматиканың міндеттерін ономасиологиялық көзқарас тұрғысынан анықтауға тырысты. Барлық сөзді екіге бөлді: 1. Негізгі; 2. көмекші.
Біріншісіне, атаулар мен етістіктерді, екіншіге, қалған сөз таптарын жатқызды. Ол қандай да бір сөзді сөз таптарының біріне жатқызу үшін мағыналық критерийді басшылыққа алды. Мысалы,ол ”әке, шеше, үй қызметшісі” сөздері зат есім емес, сын есім деді. Бұл мәселені ол қатыстылық тұрғысынан түсіндірді: әке, шеше балаға тән, ал үй қызметшісі үй қожасына тәуеді деді. Мұнда біз формалдық критерийдің әсерінен мазмұндық классификациялық критерийді асыра бағалағанын көрдік.
1660 жылы «Рационал грамматика» (әмбебап грамматика) деген еңбек басылып шықты. Ол француз монастыры Пор-Рояльда жазылғандықтан тіл білімі тарихында Пор-Рояль грамматикасы деп аталады.
Лансло мен Арноның пікірінше, “әр тілдің өзіндік грамматикасы деген болмайды. Өйткені грамматика логикалық категорияның көрсеткіші. Ал логикалық категория барлық халық үшін біреу ғана”. Бұл – ғылыми принцип емес. Логикалық категория барлық халық үшін бірдей болғанымен, оның көрінуі әр тілде әр басқа, сондықтан ол тілдердің грамматикалары да әр басқа болуы керек.
ХІІІ – ХІҮ ғ. орта ғасыр тіл білімі. Орта ғасырда Еуропада догма (соқыр сенімге негізделген абстракты қағида) мен схоластикаға (соқыр сенімге негізделген діни көзқарас) орын тепті. Соның салдарынан ғылым атаулы, соның ішінде тіл білімі де алға баспады. Ол кезде негізінен жазу тілі ретінде латын тілі пайдаланылып, оның грамматикасы барлық тілдерге бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ құрал деп есептелінді.
Қайта өрлеу дәуірі (феодализмнен капитализмге өту) А.А.Реформатскийдің пікірінше, негізгі 3 мәселені қозғады: 1. ұлттық тілдердің қалыптасуы мен дамуы; 2. халықаралық масштабта әр түрлі тілдерді оқып, меңгеру; 3. көне және орта ғасырдағы лингвистикалық мұраларды қайта қарау. Алғашқы капиталистік ұлт – Италия болды, Данте Алигьери (1265 - 1321)- италяндық, тіл мәселесімен айналысты “Халық тілі туралы” трактатында (1304-1307) қарым –қатынас үшін белгінің, тілдің қажеттілігін айтты. Тілдің екі жағын анықтады: 1. сезімдік, яғни дыбысталуымен байланысты анықталатын сипаты; 2. бір нәрсені білдіретін парасаттылық жағы. Сондай-ақ халық тілі және әдеби тіл туралы мәселе көтеріп, ұлттық әдеби тіл мүддесін қорғады, халық тілінің латын тіліне қарағанда қасиетті екенін, себебі латын тілінің жасанды, ал халық тілінің табиғи екенін айтты, “Божественная комедия” шығармасын латын емес, италян тілінде жазды.
ХІІІ – ХІҮ ғ. әр елде ұлт тілдері қалыптаса бастады. Ұлттық әдеби тілдердің қалыптасу жолдары әртүрлі болды. К.Маркс, Ф.Энгельс “Неміс идеологиясы” еңбегінде: “Кез-келген қазіргі дамыған тіл ұлттық тіл деңгейіне бір жағынан, роман, грек тілдері сияқты тілдердің дайын материалдарынан тарихи дамуы арқасында, сондай-ақ ағылшын тіліндегідей ұлттардың араласуы, қосылуы нәтижесінде, және диалектілердің шоғырлануы нәтижесінде біртұтас ұлттық тілге бірігуі арқасында көтерілді”-, дейді.
Қайта өрлеу дәуірі грамматистерінің бірі – Пьер де Раме (1515-1572) грек, латын, француз тілдерінің грамматикасын жазды. Оның мектебіндегі филологтардыі ішінде Я. Аарусты (1538-1586)кейде жаңа заманның І фонетисті атаған, ол “Екі кітаптың әріптері туралы” кітабында дыбыстар және олардың жасалу жолдары туралы жүйелік анықтама берді. Ұлы географиялық жаңалықтың ашылуы еуропалықтарды бұрын белгісіз халықтармен, тілдермен таныстырды, жаңа тілдер сипаттамалары пайда болды. Кечуа (Перу,1560), гуарани (Бразилия,1587), жапон, парсы тілдерінің грамматикасы жасалды. ХҮІ ғасырдан бастап Ресейде грамматикалық мәселелер талданыла бастады, мысалы, Максим Грек (1475-1556), алғашқы славян грамматикасы 1586 ж. “Славян грамматикасы” деген атпен жарық көрді. 1556 ж. Лаврентий Зизаний “Грамматика славянская совершенного искусства восми частей слова” еңбегінде грек үлгілерін қолдана отырып, он септелу және екі жіктелуді көрсетеді. 1619 ж. М.Г.Смотрицкий (1578-1633) “Грамматики словенския правильная синтагма ” еңбегін жазды.
ХІҮ – ХҮІІ ғ. шыққан грамматикалардың барлығына сипаттамалық белгі тән болды. Ұлттық грамматика негізіне латын грамматикасының схемасы алынды, бірақ ұлттық тілдің грамматикалық ерекшеліктері бұл схема аумағынан шығып кетіп жатты. Бұл әр түрлі тілдің арнаулы ерекшеліктерінің анықталуына, грамматикалық теорияның дамуына игі әсер етті.