Тіл біліміндегі жас грамматистер бағыты: Г.Остгоф және К.Бру
Жас гр-р мектебі: Карл Бругман, Герман Остхоф, Герман Пауль, Бертольд Дельбрюк, Август Лескин. Mетодологиясы екі бөлімнен тұрады: лингвистикалық психологизм және тарихилық. «Тарихилық» деген сөз «ғылымилық» деген сөз-і синонимі деп дәлелдеді. Жас гр-р сөйлеу механизмінің 2 жағы бар: физиологиялық және психикалық. Жас гр-р өз методологиясын: 1) дыбыстық заңдар 2) аналогия (ұқсату) әдістері арқ. дәлелдеді. Жас гр-ң лингвистика тарихының олқы тұстарын толықтырулары – олардың жетістіктері б/ды. Олар: Тілдің дамуындағы Шлейхердің екі кезеңіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Ата тілді түгелдей емес, оның кейбір элементтерін ғана реконструкциялауға б-ды деді. Ата тіл – бірнеше тілдің жиынтығы. Диалектілер-ң пайда б/уы: а) тілдердің бірігуі мен бөлінуі; ә) тілдік тайпалардың тілдік қатынастарының доғарылуы; б) басқа жүйедегі тілдермен араласуының салдары деді. Зерттеулерінде: а) туыс тілдердегі дыбыс, түбір, қрсымшаларды салыстырды; ә) тілдік элементтерді тіл заңдылығы б/ша, тарих хронологиясы б/ша сәйкес келуін тексерді. Ф.Бопп, А.Шлейхер-ң агглютинациялау теориясына, «флективтілік – тарихи процесс нәтижесі» деген тұжырымдарына қарсы шықты. Қай мәселе абсолюттендірілсе, сол мәселе кемшілік б/ып таб. Мыс., а) тілді жасайтын да, дамытатын да жеке адамдар дегенге сүйеніп, лингвистика теориясының негізі – индивидумдар психологиясы, лингвистиканың міндеті – индивидтер-ң тілін зерттеу деді; ә) фактіге сүйену керек дегенді негізге алып, ғылыми абстракция, гипотеза дегенге мән бермеді. Тілдің бастапқы кезеңі жөнінде фактілер болмағандықтан, оны зерттеу тіл білімінің объектісі емес деді. Б) Тілдік заңдылықтарды жеке фактілер арқ.дәлелдейміз деп жалпы мәселелерді, тілдің жүйелі құбылыс екенін естен шығарып алды; в) лингв-қ талдауда сөйлеу тілі деректеріне ғана сүйеніп, жазба тіл дәстүріне өз дәрежесінде мән бермеді; г) туыс тілдерді салғастыруға көңіл бөлмеді; д) еңб-нде диахрондық, индуктивтік әдістерді ғана қолданып, синхрондық, дедуктивтік әдістерді қолданбады; е) тілдік өзгерістерді интралингв-қ факторлардан ғана іздеді.