Тіл біліміндегі «Сөздер мен заттар», «Эстетизм» және «Неолин

ХХ ғ. басында жас грамматизм сынған алынып, тіл білімінде жаңа әдіс-тәсілдер іздестірілді, түрлі жаңа бағыттар пайда болды. 1909 ж. бастап шығатын “Сөздер мен заттар” журналының атымен сәйкес бағыт пайда болды. Көрнекті өкілі – Австрия лингвисі Г.Шухардт (1842-1927) өзінің “Сөздер мен заттар” еңбегінде: “Сөз затты білдіреді, зат –алғашқы және еш нәрсеге тәуелсіз; ал сөз керісінше, әр сөздің тарихы бар, оны лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады. Сөздер таихы – бұл сол сөздерді қолданушы жеке адамдар тарихы”,-деді.
ХХ ғ. басындағы мектептердің бірі – эстетизмді қалыптастырушы – Карл Фосслер (1872-1949). Оның “Тіл біліміндегі позитивизм мен идеализм”(1904); “Тіл – творчество және даму” (1906) еңбегінде осы бағыттың қағидалары баяндалған: “Тіл – жеке адамның рухани шығармашылығы, тіл рухқа тәуелді, яғни эстетикалық құбылыс. Тілді жеке адамдар жасайды, ал жеке адамның тілін стилистика зерттейді, сондықтан тіл білімі – бұл стилистика, ал стилистика –эстетиканың бір саласы”, - деді.
ХХ ғ. басы – Неолингвизм (грек. “жаңа лингвистика”) Италияда қалыптасты, өкілдері: М.Бартоли, Дж.Бонфанте, Дж.Бартони т.б. Еңбектері: М.Бартоли, Дж.Бартони ”Неолингвистиканың қысқаша очеркі” (1925), Дж.Бонфанте “Неолингвистиканың ұстанған позициясы (жолы)” (1947). Оларды эклектикалық (әр түрлі қарама-қарсы пікірлерді механикалық түрде қосу) неолингвизм д.а. Олар: “Қоғам тілі –абстракция, нақтылы нәрсе – жеке адамның тілі, барлық өзгерістер жеке адамнан басталады”, деп тілдің қоғамдық сипатын елемеді және тіл элементтерінің даму жолын зерттегенде, географиялық факторларды ерекше дәріптеді. М.Бартоли:”Тілдердегі өзгерістер тілдердің араласуына байланысты”. Тілдердің географиялық орнына шешуші мән беретіндіктеріне қарап, оларды ареалды лингвистика деп те атайды.