Р.О.Якобсонның тілдің коммуникативтік қызметі тұрғысында-ғы
Коммуникация сөзі латынның соmmunico – ортақ етемін, байланыстырамын, араласамын сөзінен шыққан. Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларындағыдай) араласуды, ой, білім, сезім, мінез – құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді . Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып, адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда «коммуникация» мен «араласу» барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен мазмұнында. Араласу – серіктестердің өзіне және бірлескен қызметіне қатынасының әрқилы түрлері қалыптасып дамиды. Рәміздердің (белгілердің), соның ішінде тілдік белгілердің жалпы жүйесінің араласуы арқылы индивидтер арасында белгілермен (ақпарат) алмасу дәстүрлі түрде коммуникация деп аталады. Коммуникация - өзара түсіністікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік шартты үрдісі. Коммуникация – ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру”. Коммуникацияға не кіреді? Коммуникация құралдары мен арналарынан тыс басқа адамдарды ескерту (жол белгілері мен айғай), басқа адамдарды ақпараттандыру (телемәтін немесе пресс-релиз), әлденені сипаттау (деректі фильм немесе әңгіме), әлденеге иландыру („Ақшаны банкте сақтаңыз!” сияқты плакаттар), әлденені түсіндіру (оқулық немесе сынақ жоспары), көңіл көтеру (анекдот немесе көркем фильм) үшін хабар беріледі. Коммуникация мақсаты – осы. Көбіне бірнеше қызметті бірден (фильм көңілдендіреді, ақпарат береді, сипаттайды, ескертеді, түсіндіреді) атқарады. Адамдар немесе адамдар тобының қажеттілігі коммуникацияға адамдардың зәрулігінің бастапқы себебі болып табылады. Коммуникация мақсаттары тірі қалу, басқа адамдармен ынтымақтастық, жеке мүдде, басқалармен қатынаста болу, өзгелерді әлдебір әрекет жасауға иландыру, өзгелерге билік жүргізу (насихат та осыған кіреді), қоғамдар мен ұйымдарды біріктіру, ақпарат алу мен хабарлау, әлем мен ондағы өз тәжірибемізді сезіну (неге сенеміз, өзім, басқа адамдармен қатынасым туралы ой, ақиқатты қалай түсінемін), шығармашылық бейне мен қиялды тудыру қажеттіліктеріне қызмет етеді. Р.Димбяби мен Г.Бертон қажеттіліктерімізді төрт топқа – жеке, әлеуметтік, экономикалық және шығармашылық деп бөледі. Коммуникация функциялары талдау мақсатында ғана бөлінеді. Нақты коммуникативті үрдісте, тіпті бөлініп алынған жеке коммуникативтік актіде бірнеше функцияның үйлесуі, соның ішінде біреуінің немесе екеуінің негізгі анықтаушы болуы мүмкін. Қай функцияның жетекші екеніне қарап, коммуникативтік актілердің жіктелуі құрылады. Коммуникация фунциялары коммуникация моделінен жоғары тұрып, қатысушылары мен элементтеріне „бекітілуі” мүмкін. Р.О. Якобсонның моделінен алты функция туындайды:
1) эмотивті;
2) конативті;
3) референтивті;
4) ақындық;
5) фатикалық;
6) метатілдік.
Осы ұсынған функциялардың әрқайсысы коммуникацияның белгілі бір қатысушысымен немесе элементімен байланысты.
Р.Якобсон бойынша, сөздің негізгі функциялары:
1) эмотивті (экспрессивті, аффективті)-сөйленушінің хабарлаушыға қатынасы. М: «Қандай өкінішті», «қандай келеңсіз», «Тағы жауын жауды».
2) конативті-адресатты әрекетке итермелеу, өтініш, бұйрық.
3) референтивті- (конативті, денотативті) ойды білдіру.
4) ақындық-шынайы мен қияли демаркациясы.
5) фатикалық-контактіні қолдау. М: «Алло», «Сәлем», «Қалың қалай?»
6) метатілдік-өз айтуларын нақтылау, реттеу болып табылады.
19.Белгілі германистер: Р.Раск,Я.Гримм,Франц Бопп
(1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -»Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі — Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол — тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі — неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді.Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты.Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады. Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы». Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы-тарихи әдіспен үнді-еуропа семьясына жататын тілдерді жекелеп те, топтап та зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерін, бір-біріне жакындық дережелерін айқындадыСалыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі — үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды. Ол төркін тілді ата тіл-праязык деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады.Салыстырмалы тарихи өдісті тіл білімінің зерттеу өдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы, Санкт Петербург акдемиясыынң академигі А.Х Востоковтың да еңбегі зор Ол 1820 жылы жариялаған Славян тілдері жөніндегі пікірлер деген кітабында славян тілдері мәнбілерін бір біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешіліктерді көрсетеді.
20.Натуралистік бағыт
(тіл біліміндегі) орысша натуралистическое направление — тіл біліміндегі натуралистік бағыт 19 ғасыр 1-жартысында салыстырмалы-тарихи тіл білімінін шеңберінде пайда болып, тілді, сөйлеу қызметін зерттеуде жаратылыстану ғылымдарының принциптері мен әдістерін таратқан. Бұл бағыттың өкілдері тілді материалдық кұбылыс деп таныған, өйткені ол дыбыстар мен таңбалар аркылы көрінеді, есту және көру мүшелерімен қабылданады, сөйлеушілердің еркінен тыс, өсімдік не жан-жануарлар сияқты табиғи эволюциялык жолмен дамиды деп есептейді. Сол себепті тіл білімін жаратылыстану ғылымдарына жатқызып, оны адамдар жасаған мәдени ескерткіштерді, мәтіндерді зерттейтін филологиядан бөліп қарайды. Бұл бағыттын негізін салушы А. Шлейхер тілдің табиғи организмдік жалпы заңдарын жасауда Г. В. Гегельдін объективті- идеалистік философиясына, Ч. Р. Дарвиннін эволюциялық теориясына сүйенді. Бірақ ол тілдің тек адамзатқа тән екенін, жануарларда тіл болмайтынын атап көрсеткен. Натуралистік бағыт идеясын кейін М. К.Рапп, М. Мюллер, А. А. Овелак т.б. дамытқан. Бұл бағыттың негізгі идеясы мынаған саяды. Тіл форма ретінде ұғымдар мен түсініктердің дыбысталуы нәтижесінде мағыналық сипат алғанда пайда болған, ал бұл екеуінің арақатынасы суффикстер мен флексиялардан керінеді. Осылайша тіл органимінің түбір, агглютинативті, флективті түрлері туады. Сөйтіп, ататіл формасынын үш түрі тек морфологиялық түрғысынан емес, әрі олардың дамуы мен жетілуі тұрғысынан қаралады. Тілдің праформалары фонетикалық процестер мен аналогияның әсерінен тарихи дәуірде жіктелген деп есептеледі. Тарихи дәуірде тілдердін жіктелуі туыс тілдер мен диалектілердің жасалуына алып келген. Ата тілдердің семьяларға, топтарға бөлінуін Шлейхер (үнді еуропа тілдері негізінде) бұтақты ағаш түрінде бейнелеп, оны генеалогиялык ағаш (генеалогическое (родословное) древо) деп атаған. Шлейхердін ғылыми идеяларының маңызы зор: ол тарихи тіл білімінде ата тілді қайта жанғырту әдісін жасауға мүмкіндік берді; ол ұсынған морфологиялық жәнегенеалогиялық классификациялар жалпы тіл теориясына енді; тілдің жасалу табиғатын адамзатпен байланыстырып қарастыру тіл мен ойдың шығуы туралы ілімнің бір саласы болып табылады. Бірақ натуралистік бағыттың тілдің шығу тегін биологиялық факторлармен түсіндіруі, үнді еуропа тілдерін ең жетілген тілдер деп артықша сипаттауы, тілдің дамуы мен тарихын қоғам тарихынан бөліп қарауы дүрыс емес теория ретінде кезінде сынға алынған болатын. Натуралистік бағыт тіл дамуынын жалпы заңдарымен бірге, физиологиялық, психофизиологиялық түрғыда сөйлеу қызметін зерттейді. Натуралистік бағыттың физиологиялық мектептерінің жетістіктерін жас грамматиктер,дескриптивистер пайдаланды.
21.Психологиялық көзқарас
Тіл біліміндегі психологиялық көзқарас ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. Оны қалыптастырушы Берлин университетінің профессоры Г.Штейнталь. Штейнтальды қолдаушылардың бірі А.А Потебня.
Штейнталь тілдердің классификациясы Тілдің шығуы Грамматика логика психология және олардың принциптері мен өзара қарым қатынастары, Психология мен тіл біліміне кіріспе деген кітаптар жазды. Онда ол Тілдегі заңдылықтар өзгерістер қоғам мүшелеріне қоғамның дамуына байланысты емес жеке адамға солардың психикасына ойлау дәрежесіне байланысты. Жалпы халық тілі деген жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті индивидуумның тілін зерттеу деп біледі.
А.А Потебня славян тіл білімінің көрнекті өкілі. Ол тілді жеке адамдардың психологиясымен байланыстыра қарастырып, халық рухы ең алдымен оның тілінде содан кейін барып өдет ғұрпы мен салт дәстүрінде мәдениеті мен әдебиетінде көрініс табады деп есептеді.
Әрине тілді жеке адамдар психикасының жемісі деп қарау қате. Тіл әлеуметтік құбылыс. Оны туғызушы да қолданушы да халық яғни қоғам