Женева социологиялық мектебінің ғылыми жетістіктеріне талдау

Социологиялық мектеп ең алғаш Францияда қалыптасты. Сондықтан оны кейде Франция социологиялық мектебі деп те атайды. Оны қалыптастырушылар және дамытушылар Ф. де Соссюр (1857-1913), Антуан Мейе (1866-1936), Жозеф Вандриес (1875-1960), Эмиль Бенвенист т.б. лингвистер болды. Социологиялық мектеп-ХХ ғасыр тіл біліміндегі беделді және кең өріс алған бағыт. Социологиялық деп атауының себебі, индивидуалистік бағытқа қарсы, тіл-қоғамдық, әлеуметтік құбылыс деп түсіндіруінде. Тіл тек қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Социологиялық мектеп көтерген және шешкен тіл білімінің мәселелерін байқау үшін оның кейбір қайраткерлерінің еңбектеріне жеке тоқталу қажет. Женева мектебі— Ф. де Соссюр идеяларына сүйенетін және Женева университетінің дәстүрін дамытатын тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттағы мектептердін бірі. Де Соссюр алғашқы кезде тарихи-салыстырмалы тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейіннен, әсіресе Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1906-1912 жылдар арасында ол бағытынан қол үзіп, панхрондық лингвистика (лингвистикалық құбылыстарды мезгілмен шектелмейтін, универсалды, тіл атаулының барлығына тән ортақ қасиет) жолын ұстанды. Қазіргі заман структуралистері де Соссюрді структуралистік лингвистиканың негізінн салушы дегенде, оның ос еңбегіне сүйенді. Ж. м. оқымыстыларының алғашқы ұрпағы — Соссюрдің шәкірттері Ш. Балли, А. Сеше, С. О. Карцевский, екінші ұрпағы — А. Фрей, Р. Гёдель т.б. Женева мектебінің негізгі зерттеу нысаны әр түрлі тілдердің, әсіресе француз тілінің, материалдары негізінде қарастыратын жалпы тіл білімі проблемалары, индивидуалдық және әлеуметтік құбылыстардың тіл мен сөйлеудегі өзара қатынасы, тіл мен ойлаудың байланысы, семитология, семантика және синтаксис мәселелері. Соссюрдің "Мемуар о первоначальной системе гласных в индоевропейских языках" (1879) енбегі, оны бүкіл әлем алдында танытты, себебі бүл еңбекте морфологиялық деректерге сүйеніп, ғылымға фонология жүйесін кайта жаңартудың жана принципі енгізілді.
1916 ж. Балли мен Сеше Соссюрдін "Курс общей лингвистики" атты енбегін шығарды. Онда 20 ғ. тіл біліміне, сол сияқты құрылымдық лингвистиканың дамуына зор ықпалын тигізген Соссюря 14көзкарастары баяндалған. Соссюр сөйлеу қызметінің әр түрлі көріністерінен тіл мен сөйлеуді (сөз) бөліп көрсетті. Тіл — таңбалар жүйесі, әлеуметтік және психологиялык күбылыс ретінде тіл лингвистикасында, ал сөйлеу (сөз) — индивидуалдық, сихофизиологиялык күбылыс ретінде сөйлеу (сөз) лингвисти¬касында зерттелуге тиіс. Сөйлеушілер алдыңғысына салғырттық білдірсе, соңғысын белсенді түрде қабылдайды. Соссюр лингвистиканы коғамдық таңбалардың өмір сүруін зерттейтін жана ғылымның бір бөлімі деп қарап, оны әлеуметтік психологиямен бірге семитология деп атады. Оның концепциясы бойынша лингвистикалық таңбаның бірінші ерекшелігі — екі жақты мәндегі құбылыс ретінде белгіленуші (ұғым) мен белгілеушінің (дыбысталуы) бірлігі екендігінде. Лингвистикалық таңбаның екінші ерекшелігі —тіл бірліктерінің сөйлеу үстінде қатаң жүйемен бір қатарда орналасуы арқылы өрістеп отыратындығында. Тіл — синхрондық (статикалық), ал сөз — диахрондық (эволюциялық) лингвистиканың нысаны. Тіл сонымен бірге ішкі лингвистиканың нысаны болғандықтан, "өз ішінде, өзі үшін" қарастырылады. Тіл тарихының халық тарихымен байланысы, әдеби тіл мен диалектілерді зерттеу, тілдің географиялық орналасуы т. б. сыртқы лингвистикаға жатады. Соссюр концепциясының тілдік жағы И. А. Бодуэн де Куртенэ, Н. В. Крушевский, У. Д. Уитни идеяларымен ұштасып жатыр. 20 ғ. 70 ж. бері Соссюр тіл философиясының өкілі ретінде қаралып келеді, өйткені ол семиотика жүйесі тұрғысынан тіл онтологиясы проблемаларын көтерді, бірақ бүл теорияның методологиялық негізі әлсіз болды.
1941 ж. бері Женева тілдік коғамы жыл сайын "Ф. де Соссюр дәптерлерін" шығарады.