13.Қазан лингвистикалық мектебінің ғылыми жетістіктеріне тал
Бұл Қазан қаласындағы университетте XIX ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Негізін салушы - поляк-орыс лингвисі,Европадағы бірнеше ғылым академиясының, лингвистикалық қоғамның мүшесі, бірнеше жоғары оқу орнының оқытушысы және профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан. Петербург, Қазан, Дерпт (Польша), Краков, Париж, Варшава және Копенгаген университеттерінде лекциялар оқыған. Б. де Куртене 8 тіл білетін полиглот болған, ол 84 жыл жасағанда осы тілдерде, осы тілдердің фактілері негізінде 600-ден астам ғылыми мақалалар мен кітаптар жазған. «Тіл білімі және тілдер туралы ескертпелер», «ХІХ ғасырдағы тіл білімі немесе лингвистика», «Тіл біліміне кіріспе» атты еңбектері бар. Б. де Куртенэ мектебінің түп негізі жас грамматистерде жатқанымен, қазандықтардың басты ерекшелігі-әлеуметтік негіздегі объективті психологизмді басшылыққа алғандығы. Б. де Куртэне өзі ескерткеніндей: «Психический мир не может развиваться без мира социального, а социальный мир зависит от коллективного существования психических единиц». Оның Моска лингв.лық мектебінен айырмашылығы: тілдік құрылымды неғұрлым жалпылай зерттеуге талпынуы және зерттеу объектілерімен ерекшеленуі. Қазан лингв.лық мектебі өкілдері мынадай негізгі мәселелерді қарастырды: тілдің индивидуалдық және леуметтік сипаты, тілдің жекелік және жалпылық сипаты, тіл мен сөйлеудің ара қатысы, тілдік сөйлеу (языковая речь) мен тілдік әрекеттің (языковая деятельность) ара қатысы, тілдегі статика мен динамика, тілдің жүйелілік және таңбалық сипаты, Б. де Куртенэнің фонема -жөніндегі ілімі, тілдің морфологиялық құрылымы, салыстырмалы-тарихи тіл білімі және тілдерді типологиялау. Енді осы зерттеу объектілерінің маңызды мәселелері жөніндегі пайымдауларға тоқталсақ. Тіл және сөйлеу мәселесі. Лингв.ка тарихында тіл мен сөйлеудің ара қатысы мәселесін алғ.қарастырған швейцариялық лингвист Ф. де Соссюр деп санайды. Дегенмен де оның алғ. Ғылыми мақаласын 1879 жылы жазғанын ескерсеу, Б. де Куртенэн 1870 ж. «Тіл және тілтану жөніндегі кейбір жалпы ескертпелер» атты лекциясында: 1) жеке адамның сөзі-2) сөйлеу-3) тіл -2)сөйлеу-3) жеке адамның сөзі деген пайымдауын ұсынған. Осы мектептің өкілі, Б. де Куртенэнің шәкірті Н.В.Крушевский ұстазының әрбір жеке адамның сөйлеу ерекшеліктерін абсолюттендіруіне қарсы болды, себебі, деді ол: 1) адам бір сөзді келесі қолданғанда басқа дыбыстармен қолданбайды, 2) адам тілде бар дыбыстарды ғана қолданады. Статика және динамика. Б. де Куртенэ өзіне дейінгі лингвистердің тіл дамуын эволюциялық даму деп есептеуін биология және әлеуметтану ғылым.на тән сипаттар деп сынап, оның орнына тарихи принципті ұсынды. Тілдегі тарихи өзгерістер белгілі бір қозғалыс заңдылықтарына сүйенетіндігін, ол динамикасы деп аталатынын дәлелдеді. Соынмен қатар тілдің белгілі бір кезеңінде тепе-теңдік зыңдылығының сақталатындығын айқындап, оны тілдегі тепе-теңдік заңы, яғни тіл статикасы д.а. Тіл статикасы мен динамикасының ара қатысы мен бірлігіне тіл статикасы дегеніміз-тіл динамикасының жеке бір көрінісі деген анықтама берді. Б. де Куртенэ өзінің ХІХ ғ. 80-жылд.ғы тілдің жүйесі жөніндегі зерттеулерінде жоғарыағы екілік жүйе (двучленная система) орына үштік жүйені (трехчленная система), яғни статика-динамика-тарих дегенді ұсынды. Статика дегеніміз-дыбыстық жүйе өзгерістерін ескермей-ақ сипаттау және зерттеу, динамика дегеніміз-дыбыстық жүйедегі өзгерістерді ескере отырып сипаттау мен зерттеу, ал тарих дегеніміз-тілдегі тарихи өзгеріс деді. Н.В.Крушевский Куртенэнің үштік жүйесін дыбыстық жүйедегі өзгерістерге қолданды. Ол тілдік дыбыстарды қолданылу орны мен уақытына қарай 3-ке бөлді: қолданылу орны мен уақытына қарамастан өзгеріссіз қалған; контекстегі орнына қарай өзгерген; қолданылған уақытына қарай өзгерген дыбыстар. Тілдің жүйе екендігі жөніндегі ілім. Тілдің жүйе екендігін ғылыми проблема ретінде қарастыру Б. де Куртенэге дейін А.Шлейхер, В.Гумбольд және жас грамматистер де болған. Ал Куртенэ мен Крушевскийлердің олардан өзгешелігі-тілдік жүйені жүйелік салаларға және жүйелік тармақтарға бөліп, жеке-жеке қарастыруы. Б.де Куртенэ тілдік жүйенің деңгейлерін: 1) фонетикалық, 2) семасиологиялық, 3) морфологиялық деп жіктеді. Куртенэ мен Крушевскийлер синтаксисті морфология құрамында, морфологияның жоғарғы түрі деп есептеген. Крушевский, әсіресе семасиологиялық жүйе жөнінде: «Сөздердің шығу тегі ұқсастық ассоциациямен, сөздердің мағынасы қатынастық ассоциациямен байланысты деді «Очерк науки о языке» атты еңбегінде. Қатынастық ассоциацияға «шығу» етістігі: далаға шығу, тұрмысқа шығу, тауға шығу, демалысқа шығу; ұқсастық ассоциациясына омоним, полисемия сөздер жатады. Б. де Куртенэнің фонема туралы ілімі. Ғалымның фонетикалық бірліктерді жүйелі де тереңдей зерттеуі өмірінің Қазан университеті кезеңіне сәйкес келеді. Тілдегі дыбыстар бір-бірімен қатар тұруы, көршілес буында орналасуы арқылы бір-бірімен байланысты болып, ұқсауы н.се ерекшеленуі мүмкін, оның тарихи дамуын жоққа шығарды. . Міне, осы сипаттарына қарап Б.де Куртэне фонемаларды: 1) когерент 2) дивергент; 3) коррелятив; 4) корреспондент деп бөлді. Б.де Куртенэ «Опыт теории фонетических альтернаций» атты еңбегі арқылы қазіргі морфологияның нег.салды. Бұл еңбекте автор фонетикалық өзгерістерді морфологиялық деңгейде түсіндіреді. Морфологиялық құрылым туралы. Үндіевропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасының нег.салушылар, оның ішінде Ф.Бопп, сөз түбірін өзгермейтін құбылыс ретінде қарастырып, сөздің морфологиялық құрылымын талдамады, оның тарихи дамуын жоққа шығарды. Ал Б.де Куртенэ сөз түбірлерінің өзгеретінін және үндіевропа тіл.гі сөздің морфологиялық құрылымын негіздеді. Бұл морфология мәс.ін Н.В.Крушевский, В.А.Богородицкийлер жалғастырды. Н.В.Крушевский өзінің «Тіл ғылымының очеркі» атты еңбегінде түбір, жұрнақ, жалғаулардың бір-біріне біріге кірігуі фонетикалық қана емес, морфологиялық та процесс екенін дәлелдеді. Богородицкий морфологиялық процестердің: 1) аналогия, 2) диференциация, 3) түбір мен қосымша арасындағы сіңісу, 4) түбір мен қосымша арасындағы өзгеру деген құбылыс.рын ашты.
В.А.Богородицкий түркітанушы да болған. «О преподавании русской грамматики в татарской школе» деген еңбегі жарық көрді. Ол Қазан университетінде Россияда бірінші болып экспериментальды фонетикаға арналған лаборатория ұйымдастырылды. Түркі тілдері туралы зерттеулерін бастап, «Этюды по татарскому и тюркскому языкознанию», «Введение в татарское языкознание» атты байсалды еңбектердің авторы болған.
Тұжырымдай келгенде, Қазан лингв.лық мектебі-жеке тілдердің жылпы тіл білімдік мәселелерін орыс және түркі тілдері арқ.ы теориялық және практикалық тұрғыда тұжырымдай білген ғылыми мектеп.