12. Мәскеу лингвисикалық мектебінің ғылыми жетістіктеріне

ХІХ ғ. аяқ кезінде Ф.Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі (А.А.Шахматов, М.М.Покровский, Д.Н.Ушаков т.б.) және Б.де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектебі (В.А.Богородицкий, Н.В.Крушевский, Л.В.Щерба, Е.Д,Поливанов, В.В.Радлов) қалыптасты. Мәскеу Фортунатов мектебі (Мәскеу лингвистикалық мектебі, "формалды" лингвистикалық мектеп) орыс. Московская фортунатовская школа (Московская лингвистическая школа, "формальная" лингвистическая школа) —Ф. Фортунатовтың ғылыми және оқытушылық кызметінің нәтижесінде Мәскеу университетінде 1876—1902 жылдары қалыптасқан бағыт. Тілді жан-жақты зерттеу үшін, жас грамматиктердін психологизміне тілдің өзіндік "формалды" критерийлерін қарсы қойғандықтан, кейде Мәскеу Фортунатов мектебін "формалды" мектеп деп атайды, өйткені ол 19 ғасыр аяғында психология (морфологияда), физиология (фонетикада), логика (синтаксисте), халық тарихына (лексикологияда) көңіл бөлді. Мәскеу Фортунатов мектебі тіл табиғатының тұтастығына сай тіл білімінің бірлігі мен тұтастығын түсінуде манызды үлес қосты. Лингвистикалық талдаудың жетілдірілген әдіс-тәсілдерін анықтады. Фортунатовтын шәкірттері —А. А. Шахматов, М. М. Покровский, Д. Н. Ушаков, Н. Н. Дурново, А. М. Пешковский, В. К. Горжезинский т.б., шетелдік ғалымдар О. Брок, А. Белич, Э. Бернекерт.б. Фортунатов — үнді еуропалык компаративист, славян, үнді, литва т.б. Еуропа тілдерінің зерттеушісі, салыстырмалы-тарихи фонетика, акцентология, палеография,орфография, теориялық грамматика салаларының маманы. Фортунатов үнді еуропа тілдерінің жүйелі салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жасауда жетекші рөл атқарды. Ол тілге жүйе тұрғысында қарап, тілдің синхрониялык және диахрониялық жағын, осы күнгі нақты және кайта жаңартылатын фактілерін қатан түрде жіктей отырып, халықтын сөйлеу тілінің мәліметтерін жоғары бағалады. Фортунатов идеясын дамыта отырып, оның шәкірттері праславян және көне орыс тілдерін кайта жаңартуда үздік табыстарға жетті. Фортунатов шәкірттері праславян акцентологиясының (Шахматов, М. Г. Долобко), морфологиясының (Поржезинский, А. А. Ляпунов), лексикологиясының (Бернекер), халықтың сөйлеу тілінің (Шахматов) негізін салды. Сөз тіркестерінің формасы мен мүшелерінің өзара байланысу тәсілдері туралы Фортунатов ілімі синтаксистің негізіне жатты, орыс тілі материалдарына сүйеніп, Шахматов, Пешковский, М. Н. Петерсон т.б. оның теориялық негізін жасады. Фортунатовтың орыс және славян тілдерінің материалдары негізінде жасалып танылған идеялары мен әдістері финн-угор тіл білімі (Д. В. Бубрик), түркология (Н. К. Дмитриев т.б.), Кавказ тілдері (Н. Ф. Яковлев т. б.), германистикада (А. И. Смирницкий т.б.) қолданыс тапты. Мәскеу Фортунатов мектебінің іргелі қағидалары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің тілдік концепцияларын жасауда елеулі рөл атқарды.