11. Дескриптивтік лингвистиканың өзіндік ерекшеліктерін б

ХХ ғ. 30-50 ж. Дескриптивтік (сипаттамалы әдіс) мектеп өкілдері: Л.Блумфильд (1887-1949), Эдуард Сепир (1884-1939), Ф.Боас (1858-1942), З.Харрис. Дескриптивтік әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы сипатталады, тілдік өзгерітер, даму ескерілмейді. Л.Блумфильдтің еңбектері: “Тілді зерттеуге кіріспе” (1914), “Тіл” (1933). Ол ”тіл – сигналдар жүйесі, әр дыбыс әр мағынаны білдіреді деп, тілдің коммуникативтік қызметін мойындағанмен, оның іске асуын механикалық жолмен түсіндірді, ал тілдің ойды қалыптастырушылық қызметін жоққа шығарды. Америка структуралистері зерттеу әдісі ретінде дистрибуцияны (лат. жайылу, таралу деген мағ.) алды. Қазір дистрибуция б.б. тілдік элементтердің сөйлеу процесінде қолданылатын орны, мәтін дегенді білдіреді. Дистрибутивтік талдаудың нысаны – сөйлеу тілі, сөйлеу процесіндегі фонемалық, морфологиялық элементтер. Мақсаты – осы элементтерді талдау арқылы тілдің құрылымдық сипатын анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін, алдымен әр деңгейдің тілдік элементтері жеке-жеке айқындалу керек, содан кейін ол элементтердің дистрибуциялары (қолданылатын орны) саралану керек. Олардың ойынша, әр қабаттың өзіне тән кіші элементтері бар, мыс., фонология қабатынікі – фонема т.с.с. Ал фонология мен морфологияға бірдей тән пәннің аты – морфонология, оның міндеті – морфемалардың фонемалар арқылы көріну жолдарын, ондағы заңдылықтарды зерттеу дейді.
Ал, Прага мектебі (1926), өкілдері – В.Матезиус, Р.Якобсон, Н.Трубецкой өзіндік пікірлерін ұсынды. Қағидалары: Тіл – функционалды жүйе, яғни тілдік элементтердің қызметін І орынға қойды, сондықтан “функционалды лингвистика” д.а деп есептеді. Бұл мектеп фонологияны айырықшы зерттеді. Бұл салада Н. Трубецкой (1890-1938) “Фонология негізі” (1939) еңбегінде фонетика мен фонологияны екіге бөліп қарап, оның ішінде фонологияны лингвистикалық пән деп қарайды. Ол: “Фонология тіл дыбыстарының мағына ажыратқыштық (функциялық) жағымен шұғылданады”, - деді.