Құрылымдық лингвистика және оның мектептерін өзара

Лингвистика (глоттология, тіл білімі) — предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Ал, Құрылымдық лингвистика - тіл жүйесіндегі ішкі сәйкестік пен байланыстың шектелген затты зерттеудің тіл білімінің саласы, былайша айтқанда микролингвистика.[1]
19-20 ғасырда көптеген тілшілердің көбін сол кездегі тілдік зерттеулердің тілдің дәл сол кездегі жағдайына дұрыс қарамау мәселесі ойландыра бастады. Тіл білімінде структуралық бағыт қалыптаса бастады, бұл бойынша тіл таңбалық жүйе ретінде қарала бастады, оны семиотикалық қағидат бойынша зерттеле бастады. Бұл қағидат бойынша таңбалық жүйенің әрбір элементін талдау кезінде ол осы жүйенің басқа элементтерінен бөлек жіктеліп қаралады да, өзінің жекелеген қолданыстарында өз ерекшелігін сақтап қалады деп саналады. Тіл өзара байланыстағы және өзара шартты көптеген дискретті элементтерден тұратын күрделі көпдеңгейлі жүйе ретінде түсініледі. 20 ғ. 20-40 жылдары құрылымдық тіл білімінің қағидаттарын әзірлеген мектептер қалыптаса бастады (Прага, Копенгаген, американ, Лондон), соларға жақын Ленинград фонологиялық мектебі, Мәскеу фонологиялық мектебі. 
Құрылымдық лингвистика дамуының алғашқы кезеңінде (20-ж.-дан 50-ж.-ға дейін) мазмұн жоспары құрылымына, яғни тіл бірліктері арасындағы айырмашылықтардың рөлін асыра көрсетуге және тілдік бірліктердің өзінің табиғатын ескермеуге баса назар аударылды. 
Лингвистикалық структурализмнің екінші кезеңі (50-70-жж.) тілдің мазмұндық жағын зерттеуге, лексикология мен грамматикадағы компоненттік анализ теориясын дамытуға көңіл бөліне бастады. 
^ Лингвистикалық структурализмнің Прага мектебі. Бұл мектеп В. Матезиус пен Р.О. Якобсонның бастамасымен 1926 ж. құрылды. Прага мектебінің тезистерінде тілдік жүйе қандай да бір нақты мақсат үшін қызмет ететін мақсатты қолданбалы жүйе ретінде қарастырылды; тілдегі кез келген құбылысты жүйені есепке алмай түсіндірудің мүмкін еместігі көрсетілді. 
^ Дат структурализмі (глоссематика). 1931 ж. Луи Ельмслев пен Вигго Брёндаль Копенгаген лингвистика үйірмесін құрды. Дат структуралистері тілді тұтас құрылым, өзара шартты байланыстағы құбылыс ретінде түсіндірді. Айтылым субстанциясы (дыбыстық материя) мен мазмұн субстанциясы (семантикалық материя, идея, ұғым) тілден тыс шығарылды.