Көне араб және түркі тіл білімінің ғылымындағы орны
Арабтар тіл ғылымының дамуына улес көп қосқан. Арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезеңі – 7-12 ғасырлар шамасы. Олар үнді, грек тіл білімінің табыстарын пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясын зерттеуге ерекше назар аударды. Көрнекті өкілдерінің бірі – Сибауайһ. Арабтар фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Әсіресе дыбыстардың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Грамматика мәселесінде араб ғалымдары грек ғалымдары Аристотельге көбірек еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғаулық деп үш топқа бөлген. Лексикография саласынан Аль-Фирузабади деген лингвисі60 томдық сөздік жасаған. Араб тіл білімінің кемшілігі: әр түрлі тілдерді бір-біріне салыстыра зерттеу, тілді дамыту, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп есептеу бұларда да жоққа тән.
Түркі тіл білімінде алдымен МАхмұт Қашғариды атаймыз. Ол – тіл білімі тарихында салыстыру әдісін алғаш рет қолданған ғалым, Өзінің 1072-74 жылдары жазған «Диуани луғат ат турик» деген 3 томдық еңбегінде түркі тңлдес көптеген тайпалар сөздерін бірбіріне салыстыра отырып зерттеген. Бұл сөздік – бүкіл тіл білімі тарихында әр түрлі тілдер мәнбірлерін бір-біріне салыстыра зерттеу әдісін қолданған тұңғыш туынды. Түркі тілдері тарихы үшін маңызы зор. Егер тіл білімінің тууына салыстырмалы тарихи әдістің септігі тиді дейтін болсақ, онда аталған сөздіктің тіл білімін дамытудағы ролі ерекше. Сондықтан В. А. Звегинцев сөздікті: «салыстыру әдісін саналы ғылыми принцип ретінде негізге алған шын мәтіндегі түркі тілдерінің энциклопедиясы» деп бағалапты.