Салыстырмалы тарихи тіл білімі: Франц Боп «Европа тілдері

Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М.Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған.
1816 жылы Франц Боптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелі жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстығы дәлелденеді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын иран, славян, балтық бойы халықтары , армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883-1849 жылдар арасында «Үнді Европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды. Панини еңбегінің әсері бар деп айтылады. Панини сияқты Бопп та, негізігі зерттеу объектісі етіп морфологияы алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы мүлде сөз болмайды. Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы – тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. Бопп еңбектері зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы туыстығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады.Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан-жақты айқындауды көздейді.