Прага лингвистикалық үйірмесі және олардың өзіндік ерекшелік

Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес. XIX ғасырда дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл туыстастықтарын, тілдің түп төркінін, шыққан тегін ашу сияқты мәселелерге аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі құрылыс қандай? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың байланысында қандай заңдылықтары бар? деген тәріздес сұрақтарға тұжырымды жауап болмады.
Структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В.Гумбольдт, Ф.де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғылымдардың, әсіресе Ф.де Соссюрдің еңбегіне сүйенеді.Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.
Структурализм мектептерін бі-ріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:1.) структурализм мектептердің барлығы да тілді ішкі элементтері бір-бірімен байланысты, тұтас жүйе, бір бүтін құрылым деп санайды. Тіл білімінің міндеті - тілдің құрылымын, структурасын зерттеу дейді. Бұл бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан; 2) жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциациялық принципті қолданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта қарайтын нтеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән береді;3) үш мектептің үнідеуі де құрылымдық, құрамдық элементтерге жіктелуінілік және олардың бір-бірімен байланысты тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі міндеті - тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау - тіл білімінің тек өзіне ғана тән, оның бірден бір объектісі деп біледі;4) структурализм мектептерінің барлығы да Ф.де Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды; 5) структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемасына да мән береді. Синхрондық зерттеу - тіл жүйесінің ішкі механизмін аңдуда шешуші роль атқарады деп, оны бірінші орынға қояды (Прагалықтардан басқалары).
Бұл аталған меселелерде де көзқарастары бір арнаға тоғысқанымен, әр мектептің ерекше шұғылданған, өзінше шешкен жеке проблемалары да болды.
Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус (1882-1945). Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Трика, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болған.Үйірме 1929 жылдан бастап "Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері" деген жинақ шығарып тұрады. Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны "Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі" деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланады.
Бұлар тіл білімінің негізгі объектісі - тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты. Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек. Тіл дегеніміз - функционалды жүйе, белгілі бір мақсат үшін қодданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан - фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу жөн, олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау деп санайды. Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап бұл мектепті Прагалық функцияналды лингвистика деп те атайды.
Адамдардың ойлауға, сезімге, еркін білдіруге психикалық қабілеттілігі тілдің үш түрлі қызметін - коммуникативтік, білдірушілік айту, қаратпалылық қызметтерін туғызды. Бұл қызметтерге тілдегі хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдер және сөйлеу актісіндегі тілдік таңбалардың құрылымы сай келеді дейді.
Функционалдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты. Солардың ішінде олардың жақсы зерттеп, айтарлықтай табысқа жеткен саласы - фонология. Фонологияны олар функционалды лингвистиканың ең жетекші пәні деп санады. Бұл мәселеде Прагалықтар Бодуэн де Куртенэнің фонема туралы ілімін басшылыққа алып, оны ілгері дамытты. Бұл салада әсіресе Н.С.Трубецкойдың атқарған ролі, ғылыми табысы елеулі болды. Ол өзінің "Фонологияның негізі" /бұл еңбек автор қайтыс болғаннан кейін 1939 жылы неміс тілінде басылып шықты, 1960 жылы орыс тіліне аударылды/ деген еңбегінде әр түрлі тілдердің екі жүзге жуық фонологиялық жүйесін сипаттайды. Фонетика мен фонология тіл білімінің тең дәрежедегі екі саласы, фонетика сөйлеу дыбыстарын, фонология тіл дыбыстарын зерттейді. Фонологияның негізгі объектісі - фонема. Фонема - тілдің ең кіші фонологиялық бөлшегі. Сөйлеу дыбыстары - фонеманың материалдық символдары. Фонема бір сөзді екінші сөзден бөліп танытады, лексикалық, грамматикалық мағыналарды ажыратып танытатын фонологиялық оппозициялардың жиынтыға фонологиялық жүйе деп аталады. Оппозиция фонологияда шешу роль атқарады. Фонема сол оппозицияның бір мүшесі. Таза тіл білімдік пән - фонология, фонетика олай емес дейді. Бірақ фонетиканы тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тастамайды, фонологиялық элементтердің функцияларын талдағанда, фонетиканың да пайдасы бар, фонетика - тіл дыбыстарының физикалық-физиологиялық сипаттары туралы ілім, ал фонология тіл дыбыстарының функциялық, мағына ажыратқыштық жағымен шұғылданады деп санайды. Бұлардың пікірінше, фонемалардың сөз мағынасын түрлендіру, сөз өзгерту функциясы - фонологияның ең негізгі мәселесі. Прагалықтар әдеби тіл теориясы мәселесіне де көп назар аударды. Әдеби тіл нормасы, тілдік, поэтикалық стиль, сөйлеу мәдениеті мәселелерін зерттейді.
Прага мектебі тілдік элементтердің ара қатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым-қатынас көрсеткіштерінің /элементтердің/ өзіндік сипатына ерекше мән беру керек, қарым-қатынас пен сол қарым-қатынасқа түсетін материал мен формалар өзара байланысты болатындығын естен шығармау керек депді.Прага мектебі синхрония мен диахрония арасында жакындаспайтын алшақтық, бітіспейтін қайшылық жоқ деп, екеуін бірлікте қарайды. Диахрондық зерттеу жүйесін бұзбайтыны, функцияны жоққа шығармайтыны былай тұрсын, қайта бұл екеуін /тілдік элементтердің жүйесі мен функциясын/ ескере отырмайынша, диахрония өз міндетін толық атқара алмайды, бұл синхрондық зерттеуге де қатысты. Егер синхрондық сипаттау тілдік эволюцияны, бір жүйені екінші жүйемен ауыстырып отыратынын ескермесе, өз міндетін жақсы атқара алмайды деп қарайды. Сөйтіп, бұл мәселеде функциялық мектеп Ф. де Соссюрге қосылмайды, мұнысы дұрыс та.
Прага структуралистері тіл - дүниетанудың құралы, ол мәдениетпен, көркем өнермен, әдебиетпен тығыз байланысты, тілді өзімен-өзі тұйықталып жатқан автономиялы дүние деп санау дұрыс емес, сондай-ақ тіл жүйесін бір қалыптан аумайтын, өзгермейтін синхрондық қана жүйе деу де қате, жүйе де үнемі өзгеріп отырады дейді. Мұның өзі Прага мектебінің басқа структурализм мектептеріне қарағанда көп мәселені дұрыс шешкенін көрсетеді.Прагалықтар өздеріне дейінгі, әсіресе жас грамматикалық бағыттың табыстарына ұқыпты қарады, өздерін оның мұрагеріміз деп есептеді. Бұлар өз зерттеулері арқылы XX ғасыр тіл біліміне елеулі үлес қосты. Прага мектебі беделді лингвистикалық бағыт ретінде елуінші жылдарға дейін өмір сүрді. Оның ықпалы қазіргі Чехия, Словакия және басқа да біраз елдер тіл білімінде күні бүгінге дейін елеулі