ХХ ғасыр лингвистикасы

Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. XIX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестіріледі. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына "Сөздер мен заттар", "Эстетизм", ''Социологизм" деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандығымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әр-қайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.
Эстетизм. XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
Кейде бұл мектеп неофилология немесе идеалистік неофилология деп те аталады.
Неолингвизм (гр. нео - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек лингвист етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Боифанте, (1904), В.Пизан (1899 ) т. б..
Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған көптеген еңбектер жазды. Сондай еңбектердің бірі - 1925 жылы М.Д.Бартоли жазған "Неолингвистиканың қосымша очеркі" атты кітап. Онда лингвистикалық жаңа мектептің істері мен принциптері қысқаша баяндалады. Неолингвизм бір-біріне үйлесе қоймайтын әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың - В.Гумбольдттың, Г.Шухардттың, К.Фосслердің, кейбір мәселеде Г.Паульдің принциптеріне сүйенеді. Сондықтан бұл мектеп кейде эклектикалық неолингвизм деп те аталады.
Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығын, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮШ-ХІХ ғасырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан. Дегенмен, бұл мәселе XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).
Прага лингвистикалық мектебі Прагада 1926 ж. тіл үйірмесінін негізінде кұрылып, 1950 ж. басында таркаған. Оны үйымдастырушылар В. Матезиус бастаған чех ғалымдары: Б. Трнка, Б. Гавранек, Й. Вахек, кейінірек С. Скаличка, И. М. Коржинек т. б., үйірмеге Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, С. О. Карцевский сиякты орыс ғалымдары кірген. Бұл мектеппен Кенес ғалымдары. Г. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%93._%D0%91%D0%BE%D0%B3%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B5%D0%B2&action=edit&redlink=1"Богатырев, Г. О. Винокур, Е. Д. Поливанов, Б. В. Томашевский. Ю. Н. Тынянов шыгармашылыкбайланыста болды. Прага лингвистикалық мектебінін идеялык негізін салған Ф. де Соссюр. Дегенмен, онын көптеген мәселелерін шешкен чех ғалымдары. Бұл мектепке Ф. Ф. Фортунатов, Л. В. Щерба, әсіресе И. А. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%98._%D0%90._%D0%91%D0%BE%D0%B4%D1%83%D1%8D%D0%BD_%D0%B4%D0%B5%D0%9A%D1%83%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%BD%D1%8D%D0%B0%D1%80%D0%BA%D1%8B%D0%BB%D1%8B&action=edit&redlink=1"БодуэнHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%98._%D0%90._%D0%91%D0%BE%D0%B4%D1%83%D1%8D%D0%BD_%D0%B4%D0%B5%D0%9A%D1%83%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%BD%D1%8D%D0%B0%D1%80%D0%BA%D1%8B%D0%BB%D1%8B&action=edit&redlink=1" HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%98._%D0%90._%D0%91%D0%BE%D0%B4%D1%83%D1%8D%D0%BD_%D0%B4%D0%B5%D0%9A%D1%83%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%BD%D1%8D%D0%B0%D1%80%D0%BA%D1%8B%D0%BB%D1%8B&action=edit&redlink=1"деКуртенэаркылы орыс тілдік дәстүрі ыкпал жасады.
Прага лингвистикалық мектебі тіл кұрылымын аткаратын кызметі жағынан зерттеуді максат етті. Тілдегі әрбір элемент өзінін тілдік жүйеде аткаратын кызметіне карай багалануы керек, тіл дегеніміз — функционалды жүйе деп есептеді. Тіл элементтерінін кызметін бірінші катарға коятындыктан, бұл мектепті Прагалык функиионалды лингвистика деп те атайды.
Копенгаген лингвистикалык үйірмесі — Дания лингвистерінің бірлестігі, оның күрамында шетелдіктер де бар. Үйірмені Л. Ельмслев, В. Брёндальдынбасқаруымен 1931 ж. Копенгаген линғвистері күрған. Бұл үйірмеге X. Педерсен, О. Есперсен, X. Ульдалльт.б., шетелдерден Р. О. Якобсон, Э. И. Хэмп т.б. кірген. Копенгаген лингвистикалық үйірмесінін басты максаты — жалпы және жүйелі тіл білімі саласындағы зерттеулерге жағдай туғызу, жаңа бағытгарды дамыту. Үйірме алғаш қалыптаса бастаған кезінен бастап структурализм идеяларын дамытуға белсенді кызмет аткарды. Копенгаген структурализмінің калыптасуына Э. Сепирдін, Мәскеу Фортунатов мектебінің, Женева, Прага лингвистикалык мектептерінін ыкпалытиді. Копенгаген структурализмінің ерекше кызметі Л. Ельмслев т.б. жасаған глоссематика коннепииясымен байланысты. Бұл концепция көп жылдар бойы талкыланып, тілдін күрылымдык жана теориясы ретінде танылды. Копенгаген лингвистикалық үйірмесінін күрылымдық көзқарастарын оның мүшелерінің бәрі бірдей колдаған жок. 20 ғ. 70 ж. глоссематика идеясы токтаған кезде, Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің бірқатар мүшелері тіл ғылымындағы генеративтік лингвистика (к.) т.б. жана бағыттарға назар аудара бастады
Глоссематикалық бағытын қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессор Лун Ельмслев/ 1899-1965/. Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған "Жалпы грамматиканың шешімдері" атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесе, тіл білімі жөніндегі еңбектер" атта журнал шығарып тұрған. Журнал структуралистердің халықаралық органы деп жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссематик Вигго Брендальдің "Структуралды лингвистика" деген мақаласы мен Ельмслевтің кейініректе жарияланған "Лингвистикадағы структуралық талдау әдісі", "Тіл теорияларының негіздері", "Тіл теориясына кіріспе" деген мақалаларында (бұлар орыс тіліне аударылған) глоссематиканың негізгі ұстанған бағыттары кең баяндалған.
Глоссематиктер алғашқыда Ф. де Соссюр тұжырымдарына сүйеніп, прагалықтармен пікірлес болғандарымен, кейін олар-дан біраз мәселеде жекеленді. Бұл мектептің негізгі принциптері мыналар:
- нақты тілдік фактілермен байланысы жоқ абстракт аксио-малық теория жасауды көздеу. Бірақ ондай теория жасай алған жоқ, жасау мүмкін де емес еді;
- лингвистикадағы маңызды мәселе - тілді таза қатынастардың торы, схемасы деп санау, сол қатынастардың сипаттарын айқындау деді;
- тілдің әр түрлі ғылымға ортақ объект болатын тарауларын лингвитикалық пән емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тастауды ұсыну. Бұларша, фонетика лингвистиканың емес, физика, физиология ғылымдарының объектісі, семантикалогияға, философия ғылымдарының объектісі, т.б. Тіл дыбыстары тілдің материалдық жағы болса, семантика тілдің идеялық жағы. Бұл екеуінсіз тіл жоқ. Сондықтан глоссематиктердің бұл екі категорияны лингвистикалық пән емес деп жариялаулары - тілді материясы мен мазмұнынан айыру деген сөз;
- зерттеу жұмысынан салыстырмалы-тарихи әдіс дегенді бір-
жолата аластау керек, тілдер туыстастығы деген ғылыми проб-
лема емес, оның орнына тілдердің жалпы, универсалды грам-
матикасын жазумен шұғылдану керек деді /Бұл к. сыңар жақ
пікір. Тіл білімі үшін структуралдық та, салыстырмалы-тарихи
әдіс те қажет, әрқайсысының өз объектісі, алға қойған өзіндік
мақсаты бар/;
- тілді объективтік өмірден, басқа ғылымдардан бөліп
жекелеп қарау, /олар қай ғылымның болса да ғалымдар аралық
саласы оның басқа салаларына қарағанда анағұрлым терең,
анағүрлым жан-жақты шешілетінін ескермейді/;
- зерттеу ісінде индуктивтік, яғни жекеден жалпыға қарай зерттеу әдісін қолданбауды, дедуктивтік, яғни жалпыдан жалқыға қарай зерттеу әдісін ғана қолдануды ұсыну. /Көптеген ғалымдар қажетті жеріне қарай бұл зерттеу тәсілдерінің екеуі де қолданылуы керек деп санайды/;
- құрылымды дерексіз таза қарым-қатынастар схемасы, торы деп тусіну. (Структуралық мектеп деп аталғандарымен прагалықтар мен глоссематиктердің құрылым дегенді түсінулері бірдей емес, прағалықтар оны өзара байланыста, шартты қатынаста тұратын тұлғалардан құралған бірлік, тұтастық дейді. Бұл мәселе дұрыстық прагалықтарда);
- Ф.де Соссюрдің ізімен синхрондық зерттеуге шешуші мән
беріп, оны тілдің жүйелік сипатын зерттеудегі бірден-бір тәсіл
деп санау;
- Ф.де Соссюрдің ізімен сөйлеуді индивидуалдық деп санап,
оны тілдік нормаға, узусқа қарсы қою. (Норма - материалдық
форма, ал узус қоғам қабылдаған сөйлеу әдетінің, дағдысының
жиынтығы. Тіл жеке құрылысы жағынан алғанда, фигуралар
мен функциялардың жиынтығы. Фигуралар - таңба жасауға
қажетті материалдар. Функцияға тілдік тұлғалардың байланысы
жатады дейді).
Дескриптивті мектеп үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар және АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бірақ структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған ролі мен ұстанған принциптері бір емес, сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі - этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады.
Америка структурализімі дескриптивтік мектеп немесе дес-криптивтік әдіс деп те аталады. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар, даму, тарих дегендер ескерілмейді
Дескриптивтік мектеп - тілдік текстерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелерге ерекше мән береді.
Дескриптивтік мектеп ол баста таза практикалық мақсаттан туған. Американың байырғы тұрғындары индеецтер тілдерін зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдіс жарамады. Бұл тілдердің қазіргі статикалық күйін түсіну үшін зерттеудің жаңа әдіснамасын табу қажет болды. Ізденіс нәтижесінде структуралық әдістің тиімділігі айқындалды.

Дескриптивтік мектептің жұмыс әдісі мен принциптері салыстырмалы принципке сай келгенімен, көп мәселеде Ф. де Соссюр мен Копенгаген структуралистерінің концепцияларын басшылыққа алғандарымен, оның өзіндік ұстанған жолы, бағаты бар. Структурализмнің басқа мектептеріне қарағанда оның қалыптасқан, тұрақты зерттеу жүйесі бар. Кейбір ғалымдар дескриптивтік тіл білімін тілдің құрылымын сипаттаудың ең айқын тәсілін қалыптастырған мектеп деп санайды.
Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрыппен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір ХVІІІ ғасырдың соңға жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің /1744-1803/ поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Вильгельм Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау XX ғасырдың 20-30 жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі - Америкада, екіншісі - Германияда.

Бұлардың екеуі де этнолингвистика деген шартты атаумен аталады. Оны Америкада қалыптастырушылар - Эдуард Сепир /1884-1939/ мен Бенджамин Уорф (1897-1941). Америкалық этнолингвистика мектебінің теориялық негізі Э.Сепирдің «Тіл» (1921), "Лингвистиканың жайы" (1929), Б.Уорфтың "Тіл, ойлау және шындық" (1956) деп аталатын жинаққа енген мақалаларында баяндалған.