Әмбебап рационалды грамматика немесе Пор-Рояль грамматикасын
Әмбебап грамматиканы француз ғалымдары-логик,философ,профессор Антуан Арне (1612-1694) мен грамматист,филолог профессор Колод Лайсле (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.Бұлар өз заманындағы Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль моностырының ғалымдары болғандықтан және сол монастрьдан шыққандықтан, оны «Пор-Рояль грамматикасы» деп те, «Рационалды жалпы грамматика» деп те атайды.
Пор-Рояль грамматикасы ежелгі грек,еврей,латын және француз тілдері материалдары негізінде жазылған.Бірақ бұл еңбек салыстырмалы туынды емес,логика-типологиялық грамматика.Оның алға қойған мақсаты-барлық тілдерге ортақ рационалды негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу.Бұл еңбектің өзіне дейін шыққан грамматикалардан тағы бір ерекшелігі- оның тілдік материалды жан-жақты талдауға негізделуі.Грамматикада екі түрлі принцип басшылыққа алынған:біріншісі- берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы,екіншісі-ол ережелердің логикаға негізделуі.
Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады.Оның бірі-фонетика,екіншісі- грамматика.Алты тарауға бөлінген бірінші бөлімде дыбыс пен әріп,буын,екпін мәселелері,оқуға үйрету әдісі сөз болған,екінші бөлімі жиырма төрт тараудан құралған.Оларда морфология.синтаксис мәселелері жан-жақты талданған.
Пор-Рояль грамматикасы өз дәуірінде Европада зор беделге ие болды.Ол көп ұзамай-ақ бірсыпыра тілдерге аударылды,әлденеше рет қайта басылды. Көптеген ғалымдар Пор-Рояль грамматикасын тіл білімі даму тарихындағы ерекше құбылыс,жаңа сапалы тіл білімінің төл басы,жалпы тіл ғылымының алғашқы жаршысы деп жоғары бағалайды.Пор-Рояль грамматикасының өз дәуіріндегі және өзінен кейінгі кездердегі лингвистикалық ой-пікірдің дамуына тигізген әсері болған.Заманында барлық оқу орындарында қолданылатын,жалпы тілдік теориядан терең мәлімет беретін оқулық деп саналған.
Дегенмен тіл біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра қателіктері де бар.Олардың ең негізгісі-логикалық категория мен тілдік категорияларды бір-бірінен ажыратпай ,тең құбылыстар деп қарау.Грамматика авторларының пікірінше,әр тілдің өзіндік грамматикасы деген болмайды.Грамматика жалпыт ілдік ,универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар логикалық категорияның көрсеткіштері,ал логика категориялары жеке ұлттық болмайды,жеке адамдық болады.Тілдердің барлығы да логикаға тәуелді,сонның мүддесіне қызмет етеді.Бұл тұжырымның қателігі мынада:логикалық категорияларының жалпы адамдық болатыны даусыз ,бірақ тіл олай емес,ол жеке ұлттық,халықтық болады.Ойлау процесін,ой категориясын әр тіл өзінше көрсетеді.Олай болатыны логикалық категория мен тілдік категориялар арасында елеулі өзгешеліктер болады,бұл екеуі арасына теңдік белгісін қою қате.Тілдік категориялар логикалық категорияларға қарағанда әлдеқайда өрісті,көп салалы.Тіл білімінің міндеті –барлық тілдерді бір ғана грамматикаға тәуелді ету емес,тілдер арасындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.