.Көне дәуір тіл білімі. Тілді зерттеудегі семасологиялық жән
1.Көне дәуір тіл білімі. Тілді зерттеудегі семасологиялық және ономасологиялық бағыттардың тууының алғашқы шарттарын пайымдаңыз.
Көне Үндістан тіл білімі б.з.д. Ү ғасырдан басталады. Тілдік зерттеу түрлі аңыз, діни жырлардан құралған қасиетті кітаптары «Веда»-ның тілін белгісіз сөйлемдер мен сөздерді анықтаудан басталған. Бұл зерттеу 4 бағытта жүргізілген: дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнері; жеке сөздер мен сөздердің тіркесі; грамматикасы; жыр құрылысы мен өлең өлшемдері. Мұны зерттегендер: үнді лингвистері - Яски мен Панини.
Яски – “Веда” тілінің бес томдық сөздігін жасап, оған түсінік жазған адам. Панини “Веда” тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген ғалым. Панинидің еңбегі тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол “санскрит тілінің грамматикасы” деп те аталады.
Көне дәуір тіл білімінің екінші отаны – Греция. Тіл мәселелеріне байланысты жазба материалдар мұнда б.ж.с.д. V ғасырдан басталады. Грек тіл білімі Гомердің “Илиадасы” мен “Одиссея” тілін зерттеуден басталған.
Греция тіл білімі екі кезеңге бөлінеді: І – философиялық, ІІ филологиялық дәуір деп аталады. Философиялық кезеңдегі философтар тіл мәселелерін философия тұрғысынан сөз етті. Тілді философияның ажырамас бөлігі деп есептеді, негізінен үш мәселе қаралды: 1. Зат пен оның атауы арасында қандай байланыс бар? 2. Тіл қалай және қайдан пайда болды? 3. Грамматика жөніндегі мәселелер. Зат пен оның атауы арасында байланысқа қатысты грек философтары екі топқа бөлінді: І топ “Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, құдай жаратқан” десе (Гераклит), ІІ топ оған қарсы:” Зат пен оның атауы арасында еш байланыс жоқ ” дейді (Демокрит).
Көне араб тіл білім (ҮІІ – ХІІ ғ.). Көрнекті өкілдерінің бірі – Сибауайһ. Арабтар дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындады, дыбыстардың физиологиялық сипатын ашуға тырысты. Зор табысқа жеткен салалары – лексикография. Аль-Фирузабади 60 томдық сөздік құрастырған.
Көне түркі тіл білімі. Көрнекті өкілі – М.Қашқари тіл білімі тарихында салыстыру әдісін алғаш рет қолданған. 1072-74ж. (ХІ ғ.) “Диуани луғат-ат түрік” атты үш томдық сөздік жазған (Б. Қалиев бойынша).
Тіл білімінің тарихын кезеңдерге бөлуде зерттеушілер 2 қағиданы басшылыққа алады:1. тарихи жыл санау дәуірлері; 2. Лингвистикалық әдіс-тәсілдер мен мектеп-бағыттарға негіздеп бөлу. Березин лингвистикалық әдіс-тәсілдер мен мектеп-бағыттар адамзаттың ғылыми танымының нәтижесі болғандықтан, лингвистика тарихын жыл санау принципіне бағындыра отырып, былай бөлген: 1. Ежелгі заман лингвистикасы (б.з. Ү дәуіріне дейін, яғни 600 жылға дейін); 2. Орта ғасыр лингвистикасы (Ү – ХҮ ғ.)