Сутегі атомының Бор ұсынған моделі.

Н.Бор (1913) сутегі атомының классикалық емес бірінші сандық теориясын жасады. Ол өз теориясында Резерфордтың ядролық моделін, атом спектріндегі тәжірибеде тағайындалған заңдылықтарды және сәуле шығару жөніндегі кванттық түсініктерді (Планк гипотезасы) біріктірді. Бор теориясы тек сутегі атомы емес, заряды Ze ядродан және оны айналып жүретін бір электроннан тұратын сутегі атомы тәріздес жүйеге де қолданылады. Мұндай жүйелердің мысалына Не+, Lі++, B+++ және басқа иондар жатады.Сутегі атомында электрон ядроны дөңгелек орбита бойынша айнала қозғалады деп қарастырады. Электрон массасы сутегі ядросының массасынан 1836 есе кіші болғандықтан, электронмен салыстырғанда ядро шексіз ауыр, демек ол қозғалмай тыныштықта тұрады деп санауға болады.Алдымен сутегі атомы үшін стационарлық орбиталар радиусын,электронның орбитадағы жылдамдығын және айналу жиілігін табайық. Егер ядроның заряды +Ze, (сутегі атомы үшін Z=1), электрон заряды -е, олардың арақашықтығы r болса, сонда олардың өзара кулондық тартылыс күші орталыққа тартқыш күш болады. Демек, ол орбитадағы электронға центрге тартқыш 2/ r үдеуді береді:
(3.20)
мұндағы 0=4,854⋅10-12ф/м электрлік тұрақты.