Қандай шай ішесіз? Қай шай бәрінен жақсы?

Шай ішпесем, басым ауырады. Қазақпыз ғой. Күнде Ассам, Пиала, Липтон шайларын ішеміз. Шын мәнінде, кейбіреулер мына шайдан гөрі мынауы жақсы деп жатады. Сіз қалай ойлайсыз? Қандай шай ішесіз?

қазір шәйді мүлде аз ішемін, күніне бір ішсем іштім, ішпесем қалды) Мен ТЕSS шайын ұсынамын!
Мен, керісінше, бір шыны шәй ішпесем, өзімді жайсыз сезінемін. Бұрын әжем шәй ішпесем, басым ауырады деген кезде, онысы несі деп ойлайтын ем, қазір, өзім сондай болдым ғой)
Қара шай сүтпен.
Бірақ, соны азайту керек. Одан да жай су ішкен дұрыс дейді ғой дәрігерлер.
Арасында Каркадэ және көк шай ішемін, пайдалы ол шай.
Көк шайды мүлде іше алмадым шыны керек. Қара шайға қарағанда, көк шай пайдалы деп жататындарды естігем. Қара шай ішпесем, менің де басым ауырады.
ARMAN шайын ішеміз.
пиала мен ассам