Жатақхана өмірі несімен ұнайды?
тәуелсіздік
алдын жатақхана ала алмай қалғанда қатты жылаған едім))) қазір тұрғым келмейді, жатақхананың екі ғана тұсы жақсы, бірінші – арзан, екінші – араласатын достарың көп болады. Бірақ, екеуі де маңызды емес екен. Ақша бәрібір жетпейді, ал адамдар бәрібір орта жолда қалып қояды. Дегенмен ең қызықты, ең бақытты, ең қиын кездерім сол жатақханада өтті, өкінбеймін)
Бағасы арзан, ыңғайлы. )
Қайран студенттік күндер-ай!!! Сол жатақхананы қәзір сағынып жүрмін. Жатақханаға кезінде арзан,әрі оқу ордамызға жақын деп қана қарайтынбыз. Ал қәзір, қызықты күндеріміздің бір болшегі сонда қалып қойғандай болады. Сол үшін ұнайтын сияқты болып көрінеді.
Жатақханада студенттердің бір дастарханда бас қосып, гитара, домбырамен ән салып, бутовкада отырып алып ойын ойнап қызықты сәттерді бірге өткізетіндігі ұнайды