Әйелдер туралы айтылған әйгілі сөздер

Дана халқымызда "еркек – бас, әйел – мойын" деген тамаша сөз бар. Біздің қазақ әйел затын қашанда қадірлеп, құрмет тұтқан. Олардың құрметіне әсерлі өлеңдер мен әуезді әндер көптеп шығарылған. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға әйелдер туралы айтылған қызықты афоризмдердің бірнешеуін алдарыңызға ұсынбақпыз:
Іскер әйел – жаман еркекті орта, орташа еркекті – жақсы, ал жақсы еркекті – жынды қылып жібереді.

Қадыр Мырза Әли

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ғ. Мүсірепов

Қазақ әйелін “жан жолдасым” дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ғ. Мүсірепов

Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.

Абай

Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді.

Абай

Әйел үшін сұлулық ақылдан гөрі маңыздырақ, өйткені еркекке ойланғаннан гөрі қараған оңайырақ.

Марлен Дитрих

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.

А.Тұрмағамбетов

Әйелдерге көз жасы арқылы бар нәрсеге қол жеткізуге рұқсат;

Еркектерді мықты ететін әйелдер;

Әйелге қалай білдіртпей опасыздық жасауға болады? Сіз осы сұрақты ойлай бастағаныңызды, әйеліңіз әлдеқашан сезіп тұрады;

Егер әйелдің жанында оны нәзік әрі әлсіз жасайтын еркек болмаса, әйелдер құбыжыққа айналуы мүмкін;

Сөз соңында белгілі ақын ағамыз Жүрсін Ерманның «Әйелге ода» өлеңіндегі мына жолдармен аяқтамақпыз:
Сырыңды соған ашасың,

Шөліңді содан басасың.

Адамның күні әйелмен,

Әйелдер мәңгі жасасын!!!