Қазақстанда неге мұнайға емес, адамға бәс тігеді?
Желтоқсан айының 17 жұлдызында, сағат 20:00-де Astana mall ойын-сауық орталығында «ҒЫЛЫМ: ЖАЙ ҚИЫНДЫҚТАР ТУРАЛЫ» деген дәріс өтеді. Дәріске Қазақ елінің атын әлемдік аренада танытып жүрген танымал тұлғалар, болашақ Нобель сыйлығының иегерлері қатысады. Дәрісте талқыланатын тақырып: Қазақстанда неге мұнайға емес, адамға бәс тігеді?
Сонымен қатар еліміздің экономикалық дамуы туралы Қазақстан Республикасының адам капиталы және экономикалық өсу проблемаларының аға зерттеушісі Нұрахметов Дарханмен әңгіме-дүкен құрамыз.
Дархан математика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері. Ол 14 жасында мектепті «Алтын белгімен», 18 жасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Гуманитарлық Университетін қызыл дипломмен бітірген. 20 жасында сол факультетте магистрант атанып, қазір Голландиядағы University of Twente университетінде докторлық лауазымын қорғауда.
Талқыланатын мәселелер:
– Экономикалық өсу және адам капиталының рөлі
– Қазақстан экономикасының дамуындағы ерекшеліктер мен проблемалар
– Қазақстан қандай бағытты ұстануы керек еді?
– Бізге нені өзгерту керек?
Келем деушілерге есігіміз ашық. Біз сіздерге күрделі заттарды қарапайым тілмен түсіндіруге тырысамыз.