Жұбыңызды жоғалтқыңыз келмесе ...
Екі жас бір-біріне сезімдерін білдіріп, кездесе бастағаннан кейін, екеуінің де өмірі едәуір өзгереді. Жақсы жаққа өзгерсе, бұл сезімнің тереңдігінің белгісі. Алайда кей жұптардың араларында өзара түсініспеушілік, бір-біріне деген сенімсіздік орын алып жатады. Сол себепті бүгін біз сіздердің назарларыңызға жаңадан жүріп бастаған жұптар ескеруге тиісті бір топ қағидаларды ұсынғымыз келіп отыр.
1. Махаббат ақшаға сатылмайды. Сатып алғанның өзінде шынайы сезімге ақшамен жету мүмкін емес.
2. Қызғаныштан абай болыңыз. Сүйіктіңізді қызғандырамын деп отпен ойнамаңыз, адамдар онсыз да қызғануға әуес.
3. Сезім шынайы кезде ғашық жандар бір-біріне тең дәрежеде тәуелді болады.
4. Шын сүйетін адам жұбынан сезімін дәлелдеуді талап етпейді.
5. Сүйгендер бірін-бірі өзгертуге тырысады.
6. Қыздар өзінің жары ретінде қайғыға ұрынған есуасты емес, батыл ханзаданы көргісі келеді. Жігіттер де кез келген сәтте су шығара кететін ұрысқақ қыздардын алыс болуға тырысады. Жұбынан күтпеген жағымсыз әрекеттер адамның жүйкесін тоздырса, күнделікті қайталанатын істері шаршатып, жалықтырады. Өзгеріп отырыңыз.
7. Бір сәтте лаулап жанған махаббат сезімі тез сөнері анық. Бақыт баянды болуы үшін сезімге ақылмен қарау керек.
8. Егер ғашығыңыз сізді бір ренжітіп, ол үшін сіздің тарапыңыздан наз болмаса, бұл қылығы қайталанатыны айдан анық.
9. Күмәннің кеудеңізде ұялауына жол бермеңіз.
10. Ал ең бастысы өзара түсіністік орын алу үшін өмірлік құндылықтарыңыз сәйкес келгені жөн.