Мақсатыңызға жеткіңіз келсе ...
1. Темекіден бас тартыңыз
Темекінің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін бәріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан бүгіннен бастап бас тартыңыз.
2. Жылына 10 кітап оқыңыз
Миыңыз тез әрі ұтқыр шешім қабылдау үшін кітап оқуыңыз керек. Сол себепті уақытыңызды компьютердің алдында емес, кітаптың алдында өткізіңіз.
3. Туыстарыңызбен тату-тәтті болыңыз.
Бұл өмірде бұлардан асқан байлық жоқ. Сондықтан қай кезде де жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз.
4. Күнделік арнаңыз.
Өміріңіздегі ең ерекше сәттер әрқашан есіңізде болу үшін күнделікке жазып жүріңіз. Және суреттерді де сақтаңыз.
5. Спортпен шұғылданыңыз.
Салауатты өмір салтын ұстанып, артық салмақтан арылыңыз. Күніне бір мезгіл болса да жаттығулар жасап, денеңіздің пішінін қадағалаңыз.
6. Ұйқыңызды қандырыңыз.
Бір уақытта жатып, бір уақытта тұрыңыз. Ұйқысыздықтың алдын алыңыз.
7. Өзіңізді өзгемен салыстырмаңыз.
Біреудің айтқанына ермей, өзіңіздің дегеніңізбен жүріңіз. Сонда сіз өзгелерден оқ бойы дара тұрасыз.
8. Мейірімді болыңыз.
Өзгелерге не жасасаңыз да, шын жүректен жасауға тырысыңыз. Сонда ғана үлкен қуанышқа кеңелесіз.
9. Тісіңізді тексертіп тұрыңыз.
Жасыңызға жас қосылған сайын тісіңізге байланысты түрлі мәселе туындайды. Ал оны емдеу ұзақ уақыт пен мол қаражатты талап етеді. Сондықтан осы кезден тісіңізге мұқият қараңыз.
10. Ақша үнемдеңіз.
Бұл іш пыстыратын іс болуы мүмкін. Бірақ әр адамның қорында үлкен қаражат болмаса да, бір басына жететіндей қаржы болуы керек. Себебі алда не күтіп тұрғанын білмейсіз.