Қойылтылған сүт қосылған дәмді кекс жасап үйреніңіз
Мұндай кекстің жасалу жолы өте қарапайым және көп уақытыңызды алмайды.
Ол үшін сізге:
- 2 тауық жұмыртқасы;
- 1 стақан қант;
- 140 мл қаймақ;
- 100 грамм кілегей майы;
- 0,5 шай қасық сірке су мен соданың қоспасы;
- 300 грамм ұн;
- 12 шай қасық қойылтылған сүт керек.
Дайындалу жолы:
1. Миксердің көмегімен 3-4 минут жұмыртқа мен қантты араластырып, одан кейін қаймақ пен кілегей майын қосуыңызға болады. Тағы да бір 2 минут араластырып, сода мен ұнды қосыңыз. Содан соң жақсылап араластыруды ұмытып кетпеңіз.
2. Кексті пісіретін ыдысқа алдымен кілегей майын жағып алып, кейін қамырды сала берсеңіз болады. Әр кекстің ортасына бір шай қасық қойылтылған сүт салыңыз.
3. Бәрін дайындап болған соң 10 минутқа пешке қойыңыз.
Астарыңыз дәмді болсын!