Лукбанов Меңдібек: "Мен сені әлі сүйеді екенмін"
Сыйлық сыры
Өзгерткім кеп көмегімен қыр гүлдің,
Бірақ, бәрін қарғыс атқыр бүлдірдім.
Тасасына жасырынған бір гүлмен,
Сезімімді келіп еді білдіргім.
Атқаны да бөлек едi бұл таңның,
Оны мендей ұғынар кім? шырқар кім?
Жалғыз гүлдi ұсынғанда iшiнен,
Тайыздығы деп түсiндiн қалтамның.
Кешір, бірақ жөн емес бұл дегенің,
Алайда оған іштен шыдап келемін.
Жалғыз гүлді ұсынғаным мен енді,
Жалғыз сені ұнатамын дегенім.
Жылу тапты ерке назды, бал қыздан,
Таппағаның іздеп жүріп сан қыздан.
Жалғыз гүлдің жұмбақ сыры сені тек,
Бақытты етер мен ғанамын.
Жалғыз жан Ұсынарда болғаны рас, ән күдік,
Жұмбақ жаны көрсеткесін сан қылық
Жалғыз гүлдің құпиясы, тағы бір
Жалғыз сені жырлайтыным мәңгілік.
Сезім гүлі бүр жарғанда ең кіші,
Бұл жүректің келмейді ғой сенгісі,
Жалғыз гүлді сыйлағаным сендей жан,
Жалғыз ғана екеніннің белгісі.
Қимай жылап кеткен шығар ол қырды.
Сол гүл менен мен ұмытпайм бұл күнді.
Солдырмашы сезімімді өтінем,
Солдырсанда мен ұсынған сол гүлді.