Сақал ер адамдардың әлеуметтік мәртебесін өсіреді
Назарларыңызға сақал туралы бірнеше қызықты деректі ұсынып отырмыз.
Сақал ағзаның тітіркенуінен (аллергия) қорғайды.
Сақалы қалың адамдар шаң-тозаңнан, қоқымнан қорғанады. Ол әсіресе көктем, жаз мезгілдерінде таза ауамен серуендегенді ұнататын адамдарға өте пайдалы.
Погонофобия — сақалдан қорқатын адамдар.
Бәлкім бұл сөзімізге сенбей отқан шығарсыздар. Бірақ шын мәнінде де сақалдан қорқатын адамдар бар. Олар сақалды адамдарды көргенде сасқалақтап, үрейленіп, жүрек соғыстары жиілейді екен.
Сақал ер адамдардың әлеуметтік мәртебесін өсіреді.
2012 жылы өткен зерттеу жұмыстарына сүйенсек, әйелдердің басым көпшілігі сақылды ер азаматтарды сақалсыздарға қарағанда табысты, қалталы деп есептейді. Оған қоса сақал ер адамдарды есейтіп көрсететіні белгілі. Ал қыздар өзінен жасы үлкен жігіттерді жақсы көреді.
Патшалар өздерінің сақалдарын құжаттарға қол қоюға пайдаланған.
Ерте кезде патшалар өздерінің қандай күшті, қуатты екенін көрсету үшін сақалдарынан үш тал жұлып, қаулыға мөр ретінде басатын болған. Мұндай жарлыққа қалың жұрт ерекше назар аударғанын айтады.
Ертеде сақал өсіргендер салық төлеген.
XVII ғасырда Ресейде сақал өсіргісі келген адам жылына 100 рубль төлеген. Сондықтан сақалды көбіне ықпалды, беделді адамдар қойған.
Әлемдегі ең бай ер адамдардың сақалы жоқ.
Форбс тізіміндегі 89% ер адамдар сақалсыз. Себебі сақалдан қазіргі қоғамда көбісі шошиды. Ал олар бизнес әлемінде ешкімді де үрейлендіргісі келмейді екен.
Авраам Линкольн кішкентай қыздың сұрауы бойынша сақал өсірген.
11 жастағы Грейс Бедель есімді қыз президентке сақал өсіруге кеңес береді. Оның ойынша, Авраамның арық бетіне сақал жақсы жарасады екен. Кішкентай қыздың кеңесіне құлақ асқан Линкольн сақалын өсіріп, ақырында тарихтағы ең әдемі сақалды президент атанады.