Арықтауға арналған күріш
Дәрігер мамандардың айтуы бойынша, күріш артық салмақпен күресуге көмектесетін тағам түрі. Жапон, кәріс, қытай халқы күнделікті өмірде бұл тағамды жиі жейтінін білесіздер. Сондықтан оларда толық адамдар көп кездеспейді. Күрішті олар диеталық тағамдардың қатарына жатқызады. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға арықтауға арналған күріш түрін ұсынғымыз келіп отыр.
Ол үшін сізге:
- 1 стақан күріш;
- 0,5 стақан жүзім;
- 1 алма;
- 10 кептірілген өрік;
- 1 сәбіз;
- 2 ас қасық ерітілген сары май керек.
Дайындау жолы:
1. Кептірілген өрікті, сәбізді және алманы уақтап тураңыз.
2. Майды кәстрөлде аздап қыздырып, кейін сәбізді қуыруға кірісіңіз. Содан соң алманы қосып, 2-3 минуттан кейін кептірілген жемістерді салыңыз. Барлығын қуыруға 5 минут жеткілікті.
3. Кәстрөлге күрішті салып, жақсылап араластырыңыз. Тұзын салуға ұмытып кетпеңіз.
4. Күріштің үстіне су құйыңыз (судың мөлшері күріштен сәл жоғары болу керек). Қақпағын жауып, баяу жанып жатқан отқа пісіріңіз. Бұл жолы араластырудың қажеті жоқ.
Ескерте кететін жайт, егер суыңыз сарқылып қалып, ал күрішіңіз әлі піспеген болса, тағы да аздап су қосуыңызға болады.
Күрішке қант қосудың керегі жоқ. Өйткені құрамындағы жеміс-жидектер сізге тіл үйірерлік тәтті дәм және хош иіс береді. Бұл тағам түрін балаларға да, ересек адамдарға да жеуге болады.
Ас болсын!